Qoǵam
“Жол картасы” қабылданды
«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының мәжіліс залында партия аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезектен тыс отырысы өтті. Бюро отырысына аудан әкімі, партия Жуалы аудандық филиалының төрағасы Олжас Қаржауов төрағалық етті.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша Бюро отырысында Жуалы аудандық мәслихатының депутаты Ахметова Анар Садыққызының мемлекеттік қызметке тағайындалып, депутаттықтан шығуына байланысты Жуалы аудандық мәслихатының депутаттығына Жақсыбек Нұрланұлы Қасымбековтың кандидатурасы ұсынылып, Бюро мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тауып, қабылданды.
Сондай ақ, «Jas Otan» жастар қанаты Жуалы аудандық бөлімшесінің 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың «Жол картасы» жан-жақты талқыланып, бекіту туралы ұсыныс түсіп, ұсыныс бірауыздан қабылданды.
«Nur Otan» партиясы
аудандық филиалы