Qoǵam
Қаржының тиімді игерілуі – басты міндет
15 қараша Қазақстан Республикасының валютасы – теңгенің айналымға енгізілген күні. Және бұл күні қаржы саласы мамандарының кәсіби мерекесі. Қаржы, бюджет, ақша айналымы – бұлардың бәрі мемлекеттің, оның экономикалық және саяси жағдайының көрінісі. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи қызметін толығымен орындап келеді. Бұл жайлы Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны» – деген болатын.
Айналымдағы теңгенің халыққа қызмет етуіне қажетті қамқорлық жасауда қаржы секторы қызметкерлерінің де еңбектері елеулі. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қаржы саласының қызметкерлері зор үлестерін қосып, міндеттерін адал атқаруда.
Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі аймақтағы бюджеттің атқарылуы, коммуналдық меншікті басқару, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және жүзеге асыруды, қаржылық есептілік саласындағы салааралық үйлестіру мен әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз етеді.
Бөлімде төрт мемлекеттік және төрт штаттан тыс қызметкерлер жұмыс істейді. Мекемені білікті басшы Қуаныш Ғалиұлы басқарады. Мұнда 15 жылдық жұмыс өтілі бар сектор меңгерушісі Гүлфайруз Манашева, бас мамандар Гүлшат Қыпшақбаева, Нұрлан Жұмаділ жұмыс атқарады.
-Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі – мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, мемлекеттің экономикасының дамуына жұмыс жасау. Біздің өңірде бүгінде осы салада еңбек етіп жүрген қаншама қаржыгер бар. Олар өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қаржы саласының қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Егер қаржыландырылмаса, онда бір кәсіпорын емес, бүкіл елдің дамуы қиынға түседі. Біздің өңірде бүгінгі күні қаржы саласында шешіліп, атқарылып жатқан игі істер көп. Ал сол жұмыстар – қаржы саласы қызметкерлерінің еңбегінің жемісі.
Осы ретте, аудан бюджетінің жергілікті түсімдері мен жоғары бюджеттен алынған ресми трансферттер бойынша есепті мерзімге жоспары 13 449 192,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырған сомасы 13 585 032,9 мың теңгені құрады. Орындалуы 101,0%. Оның ішінде жергілікті бюджет түсімдері бойынша есепті мерзімге салықтық түсімдер бойынша 1 123 679,0 мың теңге жоспардан, нақты түскені 1 273 774,9 мың теңге 113,4% орындалды. Трансферттер бойынша есепті мерзімге 12 311 258,0 мың теңге болса, түскені 12 311 258,0 мың теңге 100,0% орындалды.
Оның ішінде есепті мерзімге субвенция 7 948 181,0 мың теңге болса, түскені 7 948 184,0 мың теңге 100,0 % орындалды. Ағымдағы нысаналы трансферттер есепті мерзімге 2 279 308,0 мың теңге болса, түскені 2 279 308,0 мың теңге 100,0% орындалды. Ағымдағы нысаналы даму трансферттер есепті мерзімге 2 083 766,0 мың теңге болса, түскені 2 083 766,0 мың теңге 100,0 % орындалды.
Есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 14 676 019,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 14 616 477,9 мың теңге, игерілмеген қаржы соммасы 59 541,1 мың теңге немесе атқарылуы 99,6 пайызды құрады.
Трансферттер қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 4 363 038,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 4 350 925,6 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 12 112,4 мың теңге немесе орындалуы 99,7 пайызды құрады. Оның ішінде республикалық трансферттер есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 3 910 604,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 3 910 207,6 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы көлемі 396,4 мың теңге немесе орындалуы 100,0%.
Облыстық трансферттер есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 452 434,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 440 718,0 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 11 716,0 мың теңге немесе орындалуы 97,4 %.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 10 206 386,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 10 193 590,0 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 12 796,0 мың теңге немесе орындалуы 99,9%-ды құрады.
Төртінші бюджет қаражаты есебінен есепті мерзімге төлемдер бойынша жоспар 2 081 712,0 мың теңге, кассалық атқарылуы 2 047 077,4 мың теңгені құрады, игерілмеген қаржы көлемі 34 634,6 мың теңге немесе орындалуы 98,3%-ды құрады.
Алдағы уақытта аудан бюджетіндегі қаржы толығымен игеріліп, жақсы нәтижемен жылды қорытындылаймыз деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, алдағы жаңа жылда атқарылған жұмыстар ауқымды болатынына сенімдіміз. Басты жоспардың бірі – аудандағы барлық есепшілердің деңгейін жоғарылату. Бұл сала қаржы қызметкерлеріне аса мұқияттылық пен жауапкершілік жүгін артады. Ісіне немқұрайды қарамай, қаржының мақсатсыз жұмсалмауын қадағалау керек. Есепті дұрыс әрі нақты жүргізу де есепшілердің басты міндеті. Осы міндетті қаржы қызметкерлері абыроймен атқарып, сенім үдесінен шығады деген ойдамын. Барша қаржы саласының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, жұмыстарына табыс тілеймін, – деді аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Қуаныш Ғалиұлы.
Әр жұмыстың өз қиындығы мен қызығы бар. Артылар жауапкершілік жүгі де ауқымды. Бұл жауапкершілікті білікті әрі өз ісінің маманы ғана абыроймен атқарып шығатыны даусыз. Осы ретте, ауданның қаржы қызметкерлері де жұмыстарында табысты әрі сенім үдесінен шығатынына біз де сенім білдіре отырып, төл мерекелерімен құттықтаймыз!
Айгүл Қалымханқызы,
«Jańa ómir»