Qoǵam
Саулықтың – сақтықта екенін ұмытпайық!
Дүниені дүр сілкіндіріп, адамзат өмірін дүрбелеңге салған коронавирусқа қарсы күрес біздің басты мақсатымызға айналып бара жатқандай. Мақсатқа жетіп, аты жаман індетті жеңу үшін қолдан келер шараның барлығы жасалып жатыр. Дәрігерлер негізінен ауруды жеңудің бірден-бір жолы екпе егу екендігін ашық айтып отыр. Жұғу жолдары өте жоғары вирусты індетпен күресуге ең негізгі шара, ағзаны вакцинациялық препаратпен иммундау. Қазіргі екпелер иммуногенді штамдардан және әлсіреген вирустан жасалған. Сондықтан вакцинадан қорқудың қажеті жоқ.
Қазіргі таңда Жуалы ауданы бойынша 13 090 адамға алғашқы екпе салынды.Бұл көрсеткіш – 56,7 процентке тең. Ал 7 260 адам екпенің екінші компонентін салдырды, бұл 31,5 процентті құрайды.
Бүкіл әлемді жаулаған COVID-19 індетінің жаңа нұсқасы ретінде Қазақстан аумағында дельта штамы тіркеліп отыр. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, дельта нұсқасы алдыңғы альфаға қарағанда шашамен 60 пайызға жұқпалы. Бұл ретте біз күдікке бой алдырмай, вакцинаның коронавирус індетіне қарсы тұрудың бірден-бір жолы екендігін түсінуіміз тиіс. Қазіргі таңда instagram, facebook, whatsapp әлеуметтік желілерінде вакцина салынған жерге қасықтың немесе магниттің жабысуы туралы ақпараттар мен бейнероликтерге қызу талқылау жүріп жатыр.
Бастапқыда мұны мен де жасап көрдім. Касық та, магнит те жабысып тұрды. Сенбестен үйдегі барлық адамға жасап шықтым, екпе салдырған өзімнен бөлек, төрт жасар балама дейін жабысып тұрды. Әрине, қаңқу сөз адамның ойына неше түрлі ой салады. Бұл мәселе бойынша Н.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Александр Бутенко былай деп пікір білдірген еді. “Бұл әдеттегі құбылыс, бұл құбылыс таңқаларлық жағдай емес. Кей адамдар металл заттарды ұстау қабілетіне ие. Кейде бұл адамның маңдай аймағындада жиі байқалады. Олар 10-20 монетаны керемет ұстап тұра алады. Ал енді бірінің кеуде аймағында жақсы дамиды. Олар қасықтармен металл аяқтарды ұстап тұру қабілетіне ие. Бұл құбылыс кей адамдарда үлкен көлемде дамыған, кейде айқын, кейде аз көрінеді. Сондықтан бұл мәселеге таң қалудың қажеті жоқ”- дейді ғалым.
Екпеден кейін үш күн ішінде инъекция орнын сулауға, байлауға және моншаға-саунаға баруға , алкогольді ішімдік ішіуге, шамадан тыс физикалық күш салуға болмайды. Екпеден кейін үш күн ішінде ұйқы жеткілікті болуы керек және құнарлы тамақтанып,денеңізді күйзеліске ұшыратпауыңыз қажет.
Сонымен қатар, екпе алғаннан кейін бетперде киюді, әлеуметтік ортада арақашықтық пен жеке гигиенаны сақтауды, жөтел этикетін ескере жүру қажет. Бұл қажетті шаралар екпе инфекциясының және вирустың жұқтырылуын толық 100пайыз алдын ала алмайды. Және вакцинация паспортын екі дозаныда алғаннан соң ғана “eGov mobıl” мобильдік қосымшасының “цифрлық құжаттар” сервисінен алуға болады.
Жалпы екпе инфекциялық агенттерді ауру тудыруы мүмкін вирустарды,бактерияларды немес басқада микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша, адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге үйренеді. COVID-19-ға қарсы екпе және жаппай қолдануға рұқсат етілген екпелер ауруға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді. Сонымен қатар, ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.
Ауру – өте қауіпті. Эпеидемиялық ахуалға байланысты жағдайдың ушығып тұрғанын да аудан тұрғындары жақсы біледі. Сондықтан ауырмаудың жолын іздеп, саулықтың – сақтықта екенін ұмытпаңыздар!
Гүлбақыт Жандар,
аудандық орталық аурухананың БАҚ және қоғаммен байланыс маманы