Basty bet
«Комирнати» екпесін салдыру қарқынды жүргізілуде
Бүгінде ауданық білім беру мекемелерінде «Pfizer» компаниясының “Комирнати” вакцинасын алу туралы іс-шаралар қарқынды атқарылуда. Қараша айында аудан әкімдігі, аудандық аурухана, СЭС және білім бөлімінің мамандарымен арнайы мобилдік топ құрылып, 33 білім беру мекемелерінде, білім мекемелерінің басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог, педагог-психологтар, ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелеріне 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы «PfIZER» екпесінің салына бастайтындығына байланысты аудан көлімінде мобильдік топтар түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мобильдік топ мүшелері жиналысқа қатысушыларға осы мәселеге жіті қарап, бірлесе отырып жұмыс атқаруға, балалардың денсаулығы мен болашағына салғырт қарамауға шақырды.
Мектеп әкімшілігінің, мектептің педагог-психологтары және мектеп мейірбикелері тарапынан ата-аналардың қатысуымен «Екпенің маңызы» тақырыптарында дәрістер оқылды. «Бірге қорғаламыз: вакциналар көмектеседі» атты іс-шаралар, «Вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулар» тақырыбында ата-аналардың көпшілігінің вакциналардың балаларды қорғайтындығы жайлы сенімділігін көрсету үшін арнайы чаттар ашылып, әлеуметтік желілерді пайдаланып түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оқушы саны 12-17 жас аралығында-4779, денсаулығына байланысты вакцина алуға рұқсат берілмейтін мектеп оқушыларының саны -109, өтініш берген оқушылар саны – 176.
Аудандық орталық аурухананың жауапты мамандарының мәліметінше, бүгінде «Pfizer» вакцинасын салдырғандардың қатары 473-ті құрап отыр. Оның ішінде оқушылар – 394, жүкті әйелдер – 46 және емізулі әйелдер – 33.
Сонымен қатар, ел арасында «Pfizer» екпесін ересектердің де салдыруына бола ма?» деген сұрақтар туындауда. Ал, аудандық аурухананың мамандары ақылы түрде «Комирнати» Пфайзер вакцинасымен екпе аламын деушілерге Жамбыл облысының Тараз қаласында жазба жүргізу жұмыстары басталғанын айтады.
Сонымен қатар, бұл екпені тегін салдыруға тиісті тұлғалардан, яғни 12-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер және емізулі балалары бар әйелдерден басқа, барлық вакцина салдырамын деушілер оны өз қаражатына ақылы түрде салдыруына болады. Қазіргі таңда Pfizer компаниясының «Комирнати» вакцинасымен ақылы түрде екпе салдыру облыста Тараз қаласындағы тек екі медициналық мекемеде жүргізілуде. Оның бірі «Almas Medikal Croup» №4 қалалық емханасы болса, екіншісі «Даримет» ЖШС медициналық орталығында.
Жамбыл облысының тұрғындары жоғарыда көрсетілген медицина мекемелерінің телефон нөмірлеріне қоңырау шалып, «COVID-19» індетіне қарсы вакцинациялау туралы сауалдарына және өз қаражаттарына вакцинаны ақылы түрде салдыру бойынша жауап ала алады. Бірақ, әзірге бұл екпенің бағасы белгісіз.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»