El іshі

Кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қастерлі мерекесі қарсаңында әріптесіміз, «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абылайхан Сәрсенов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасы салалық кәсіподақтардың аймақтардағы филиалдары құрамында белсенді жұмыс істеп жүрген кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мүшелеріне Еңбек адамының мүддесін қорғау, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жемісті еңбегі үшін беріледі.
Тараз қаласындағы «Кәсіподақтар үйінің» конференц-залында өткен марапаттау салтанатында әріптесімізге Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасын облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов табыс етті.
– «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газеті» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымы салыстырмалы түрде алғанда жас құрылым. Дегенмен, осы кезең ішінде Еңбек адамының құқығын қорғау жолында өзіндік берік ұстанымын қалыптастырып, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында сындарлы қарым-қатынас алаңына айналып үлгерді. ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан берілген бұл биік марапат бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің бірлігі мен ынтымағын арттырып, өңірдегі кәсіподақтар қозғалысын одан әрі ширата түсуге септігін тигізеді деп сенемін, – дейді «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close