Basty bet

“Korzinka” тамаша көңіл-күй сыйлайды!

Жыл сайын Жаңа жыл мерекесі жақындағанда теледидар экрандары мен сауда нүктелерін түрлі өндіруші компаниялардың жарнамалары мен ұтымды ұсыныстары жаулап алады. Олардың барлығы тұтынушылар назарын аудару үшін өз өнімдеріне түрлі науқандар мен жеңілдіктер ұсынып жатады.

Осы қалыпты үрдістен біздің ауданымыздағы сауда орталықтары да қалыс қалмай, мереке қарсаңында тұтынушының көңілінен шығу үшін барынша тырысуда. Біз аудан орталығында таяуда ашылған ірі сауда орнының бірі – «Korzinka» көтерме маркетіндегі қарбалас сәттің куәсі болған едік.
Көтерме маркет ғимаратының кіреберісінен бастап, бүкіл сауда алаңына, ондағы қызмет көрсетуші персоналға дейін мерекелік көңіл-күй құшағында, залдар мен сөрелер де әдеттегіден ерекше жасанып тұр. Сауда павильонының орта тұсында, көрнекі жерде жаңа жылдық сыйлықтар топтамасы орналасыпты. Отандық және әлемдік танымал брендтер – кондитер фабрикаларының тәттілері көз жауын алғандай қызылды-жасылды әсем қаптамаларға оралып қойылған.
«Korzinka» көтерме маркетінің әкімшісі Алтынай Құрманалинаның айтуынша,компанияның маркетологтары жаңа жылдық сыйлықтар топтамасын дайындағанда тұтынушының талғамы мен жағдайына баса назар аударып, балаларға арналған сыйлықтардың тартымды, көлемі мол әрі салмақты болуына тырысқан.
– Мәселен, 895 грамм салмақ тартатын үлкен сыйлық топтамасының бағасы небәрі 1 595 теңгені құраса, орташасы 705 грамм салмақпен 1 295 теңгені, салмағы 650 граммдық кіші топтаманың бағасы 995 теңгені құрайды. Топтамада балалар сүйсініп жейтін печенье, конфеттен бастап, жеңіл пирогтар, шоколадтар мен шырындар, мармеладтар және тағы басқа кондитерлік өнімдер бар. Өнімдердің сақталу мерзімі ұзақ, балалар ағзасы мен денсаулығы үшін қауіпсіз.
Одан бөлек, дүкенде отбасылық сыйлықтар да қарастырылып отыр. Сыйлықтар қонаққа барғанда алып жүруге ыңғайы болуы үшін арнайы себетке салынып, мерекелік жылтыр қаптамамен қапталған. Себеттің құрамын тұтынушы өз қалауына және қалтасына қарай өзі таңдап, өзгертуіне болады, – дейді Алтынай Құрманалина.
«Korzinka» дүкендер желісі Жаңа жыл мерекесінің әсіресе, балалар үшін қызықты әрі ұмытылмастай өтуі үшін Тараз қаласындағы «Avatarya» сауда-ойын сауық орталығымен бірлесіп, «Жаңа жылдық ғажайып» деп аталатын арнайы мерекелік бағдарлама әзірлепті. Яғни, мереке қарсаңында дүкендер желісінің кез келген нүктесіне бас сұққан әрбір клиент бағдарлама жазылған парақшаны алады. Осы парақшамен қаңтар айының алғашқы бес күнінде белгіленген сағатта «Avatarya» сауда-ойын сауық орталығында қонақта болып, қызықты бағдарламаға қатыса алады. Және де ең қызықтысы, парақшаны ұсынған әрбір қонаққа екі еселі Cash-Back беріледі.
– Көтерме оптомаркет күн сайын науқандар мен арнайы ұсыныстар дайындап, ұсынады. Бұл науқандық ұсыныстар тұтынушының уақытын ғана емес, сонымен бірге жеке және отбасы бюджетінің шығыстарын да барынша үнемдейді. Компания тексерілген отандық өнім берушілермен ынтымақтастық орнатқан, бұл дегеніңіз, біздің клиенттеріміз сапалы тауарды артық төлемсіз және қисынды ақшаға сатып ала алады деген сөз.
Жалпы «Korzinka» дүкендер желісі клиентке бағдарланған компания болып табылады. Сондықтан да ең алдымен тұтынушыға жайлылыққа, сауда алаңындағы жинақылық пен әсемдікке бірінші кезекте мән беріледі.
Клиентке жоғары сапалы қызмет көрсету біз үшін басты басымдыққа ие.Тіптен үлкен «Korzinka» дүкенінің өзінде сатып алушылар өздерін жайлы сезінуі тиіс. Біз бәрін – баға көрсеткіштерінің түсінікті болуын, тауарлардың сөреде ыңғайлы жатуын, тұтынушылардың кассада ұзын-сонар кезекте тұрып қалмауын егжей-тегжейлі ойластыруға тырысамыз. «Korzinka» дүкендер желісінен сауда жасай отырып, тұтынушы күні бойына позитив пен жақсы көңіл-күйдің бір бөлшегін кепілді түрде иеленеді.
Компания өз тұтынушыларына сапалы өнімдердің кең таңдауын жүйелі бағамен ұсынуға дайын. Осы мақсатта Тараз қаласында және бірқатар аудан орталықтарындағы дүкендер желісінде біз тек сапалы әрі қолжетімді өнімдерді ғана ұсынамыз. Біздің ерекше мақтанышымыз – бұл өзімізде өндірілген тауарлар: нан-тоқаш бұйымдары, майбәліштер, пирогтар, фастфуд және тағы басқалар. Оларды біздің сатып алушыларымыз ұнатады әрі лайықты бағалайды, – дейді оптомаркеттің әкімшісі.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close