El іshі
АУДАННЫҢ ЛОГОТИПІ АНЫҚТАЛДЫ
Үстіміздегі жылдың қазан айының 25-і мен қараша айының 8-і аралығында ауданымыздың логотипін (бренд) әзірлеу үшін ашық байқау ұйымдастырылған болатын.
Байқауды өткізу, яғни келіп түскен материалдарды талапқа сай, сай еместігін анықтау, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау мақсатында аудан әкімінің Жуалы ауданының белгісін әзірлеуге ашық байқауын өткізу жөніндегі комиссия құру туралы 2021 жылғы №423 қаулысына сәйкес комиссияның құрамы бекітілді.
Байқауға қатысушылар, өздерінің дайындаған еңбектерін талапқа сай өткізді.
Байқауды жариялағандағы басты мақсат – мәдени-тарихи мұраны ескеретін, аудан бейнесінің жаңаруына және оның жеке ерекшелігіне ықпал ететін, ауданның табиғи ерекшеліктерін, жаңа даму үрдістерін айрықша толығымен ескеретін Жуалы ауданы белгісінің ең үздік жобасын анықтау болатын.
Аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы төрағалық еткен комиссия отырысына комиссия мүшелері сурет-сызу өнерінің шеберлері Қанат Мұратаев пен Қойшыбай Төремұратов, тарихшы Дәулетжан Байдалиев, тағы да басқа тиісті бөлім басшылары мен мамандары қатысып, үміткерлерді тыңдап, материалдарды сарапқа салды.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша Ұлан Сейсенұлы Айхожаевтың жобасы жеңімпаз деп танылды.
Төменде жеңімпаз болған материалды газетіміздің 10-бетінде назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Үздік деп танылған ауданымыздың белгісі алдағы уақытта жарнамалық, маркетингтік және басқа да іс-шараларда қолданылатын болады.
Жуалы ауданы
әкімдігінің сәулет,
қала құрылысы және
құрылыс бөлімі