Basty bet

Кітапхана – рухани қазына ордасы

Кітапхана – дүниeдe eштeңeге тeңeстiрiлмeйтін білім бұлaғының көзi, ғaсырдaн-ғaсырға aдaмзaт тaрихының кeруeнін сүрiндiрмeй әкeлe жaтқaн шырaғы биiк, пaрaсаттылық пeн бiлiмдiліктiң, бiлiктiліктiң киeлі oрдaсы. Бүгiнгi тaңдaғы қoғaмдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.

Осы ретте, 1988 жылы пайдалануға берілген Күреңбел ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық кітапхана» қатарына еніп, өз оқырмандарымен тығыз байланыс орнатуда. Күреңбел ауылдық мәдениет үйінің екінші қабатында орналасқан рухани орда эстетикалық талғаммен безендірілген. Мұнда оқырманның бойындағы туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға аса мән берілген.
Бүгінде кітапхананың кітап қоры 10 849 дана кітапты құрайды. Оның ішінде, 7064 кітап мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Рухани ошақтың жылына оқырман саны – 666, келім саны – 6183, кітап берілімі – 10429 құрайды, мемлекеттік тілде – 9029 дана кітап бар.
Бүгінгі күннің талабымен 2019 жылs ауылдық кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталық ашылып, оқырмандарына заманауи қызмет көрсете бастады. Ауыл тұрғындары аудан орталығына сабылмай, орталықтан электронды үкімет порталынан керекті анықтамаларын ала бастады. Кітапханашылар да жаңашылдықты қуана қабылдап, бұл істі де меңгереді. Цифрландырылған ақпараттық орталық бес компьютер жабдықтарымен қамтамасыз етіліп, бүгінде тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда орталықта ауыл тұрғындарына e.Gov.kz порталы арқылы 324 анықтама берілген. РАБИС бағдарламасына кітап қоры толығымен енгізілген.
Оқырмандарға кітапханашы Әмина Cолтыбай және әдіскер Мөлдір Сәдірмек қызмет көрсетеді. Кітапханашылар «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай ауданның қоғамдық өмірі мен өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарғаны үшін аудан әкімінің Алғысхатымен марапатталған. «Ең үздік ауылдық кітапхана-2021» облыстық байқауына белсене қатысып, кітапхана ісінің дамуына қомақты үлес қосқаны, еліміздің мәдени өмірінде өз бастамалары арқылы оқу мәдениетін қалыптастырудағы ауқымды жұмыстары үшін Күреңбел ауылдық кітапханасы Бас жүлдені жеңіп алып, бағалы сыйлықтарға ие болған.
Сонымен қатар, Күреңбел ауылдық кітапханасында «Жерұйық» қызығушылық клубы жұмыс істейді. Клубтың жұмысы аясында оқырмандардың шығармашылығын байытып, ой-өрістерін кеңейту мақсатында іс-шаралар өткізіледі. Жас оқырмандарды табиғатты қорғауға, табиғи және мәдени ортаны, экологиялық сананы, туған елін, туған жерін сүюге, қоршаған табиғатты аялауға үйрету, табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екенін түсіндіру, табиғатты сүйе білуге, оны бүлдірмей, керісінше қорғай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында шаралар ұйымдастырылады.
Одан бөлек, кітапханада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында оқырмандардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ауылының мәртебесін көтеруге шақыру, тарихын зерттеуге, туған жерін қадірлеп, қастерлеуге отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ауылым – алтын бесігім» атты кітапханалық мақсаттық бағдарламасы құрылған. Тұрғындардың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана байланысын нығайту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылып, оқырмандар рухани ошаққа кітап сыйлаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялануына орай Күреңбел ауылдық кітапханасында балалар әдебиетін кеңінен насихаттау жұмысы қолға алынған. Оқырмандарға осы бағыттағы кітаптар таныстырылып, оқуға шақыруда. Яғни, жақында Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына «Балалар әдебиетінің – дарабозы» атты әдеби сағаты өткен.
Сонымен қатар, еліміздегі айтулы даталарға орай іс-шаралар жоспары бекітіліп, кітапханашы «Ғасырдың дара перзенті» қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 110 жыл бейнеслайд ұсынылып, оқырмандармен «Наурыз мерекем, Наурыз берекем!» атты мерекелік кеш, «Алғыс айту, парызым» атты «дөңгелек үстел», “Тілім менің – тірлігімнің айғағы” тіл апталығы, «Киелі мекенім – Таразым» атты өлкетану сағаты, ”Сыйынар ем Ана деген тәңірге” танымдық сағаты, «Бейбітшілік – ел тірегі» дайджест ұйымдастырылуда.
Ауылдық кітапхананың кітапханашы өз міндетіне ерекше жауапкершілікпен қарап, оқырмандар игілігі үшін еңбек етуде. Барлық іс-шаралардың сапалы түрде өтуін, дер кезінде іске асырылуын, серіктестік мақсатында жергілікті әкімшілік, мектеппен, балалар бақшасымен тығыз байланыста. Оқырмандардың білімін, ой-өрісін байытатын әдебиеттермен қауышуына елеулі үлес қосуда.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close