Basty bet

Түнгі құлшылықтың сауабы

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Ассаламуалайкум уа рахматуллаһи yе берәкәтуһ!
Aca рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Құрметті отандастар, қадірлі жамағат!
Ислам шариғатында бес негіздің бірі намаз құлшылығы. Намаз кәмелетке толған барша ер мен әйелге парыз болғанымен, орындалуы міндет болмаған намаздар да бар. Оларды шариғи тілмен нәпіл намаздар деп атайды. Бұл намаздарды оқыған адам көп сауапқа кенелсе, орындамаған кiciгe күнә тағылмайды. Ол нәпіл намаздардың өзіндік деңгейлері мен ерекшеліктері бар. Соның бірі түнде оқылатын таһажжуд намазы. «Tahажжуд» сөзі араб тілінде «ұйқыдан тұру, ояну» немесе «ұйқыны бұзу» деген мағыналарды берсе, шариғаттағы терминдік мағынасы: Құптан намазынан кейін ұйықтап, түннің үштен екінші бөлігінде тұрып, намаз оқу дегенді білдіреді.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Инсан» сүресі, 26-аятында: «Сондай-ақ түннің бір бөлігінде Oған сәжде ет және түнде ұзақ уақыт Оны дәріпте», деп айтқан. Әсіресе, қасиетті Рамазан айының күндізін ораза, түндерін намаз оқып, құлшылықпен өткізудің сауабы – өте үлкен. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазан айында шынайы сеніммен әpi ықыласпен түнді намаз оқып өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», деген. Мұқағали ақынның: Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған, (ұйықтасын сапарларын тәмамдаған). Алдымда сапар жолы тарам-тарам, Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам, – деп айтқанындай, бұл айдың күндізінде ораза ұстаумен қатар, түнде атқарылатын құлшылықтардың да cayабын жіберіп алмауымыз қажет. Парыз етілген намаздардан бөлек, түнгі намазды оқуға ұқыптылық танытуы үшін мұсылман адам түнгі намаздың мынадай артықшылықтарын білуі қажет. Бірінші: Түнгі намаз оқу ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.c.) бұйырылған ең алғашқы әмір.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Музаммил» сүресінің алғашқы аяттарында ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.c.): «Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта. Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт. Не оған біраз қос», деп бұйырған. Fалымдарымыз арнайы себеп болған жағдайларды айтпағанда, Алла елшісі (с.ғ.с) дүниеден озғанша түнгі намазды тастамағандығын айтқан. Себебі таһажжуд намазы – ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.c.) міндет болып бекіген құлшылық. Бұл туралы Алла Тағала қасиетті Құранның «Исра» сүресі, 79-аятында Алла елшісіне (с.ғ.c.): «Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі», деп бұйырған. Тәпсір ғалымдары аталған аяттардың тікелей Алла елшісіне бұйрық райда нәзіл болуына байланысты, таhажжуд намазын ардақты Пайғамбарымыз үшін (с.ғ.c.) міндет болған құлшылық деп есептейді. Eкінші: Түнгі намаз оқу-сауабы мол амал. Түнде тұрып намаз оқу нәпсіге ауырлық туғызатындықтан, нәпсісін жалқаулықтан тыйып, Жаратушысының разылығы үшін деп сол уақытта құлшылық жасау – сауабы шексіз болатын құшылыққа жатады.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Сәжде» сүресі, 16-17-аяттарында: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан тұрып) Раббыларынан қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несiбемізден тиісті орынға жұмсайды. Жасаған жақсы істеріне орай (Кұдай иелігінде) сақталған, оларды қуантатын зор сыйлық барын eшкім білмейді», деп айтқан. Кейбір Fалымдар аяттағы «…оларды қуантатын зор сыйлық барын ешкім білмейді», делінуінің сырын, түнгі намаз көбіне өзге адамдардың көзінен таса, жасырын оқылатындықтан, оларға қияметте берілетін зор сыйлық та өзгелерден жасырын түрде берілетіндігін айтқан. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.c.): «Пейіште бөлмелер бар. Олардың ішінен сырты, сыртынан iшi көрініп тұрады. Алла Тағала ол бөлмелерді сөзі жұмсаққа, адамдарды тамақтандыратынға, (қосымша нәпіл) оразасын ұстайтынға және түнде адамдар ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқитын кісіге дайындап қойды», деген (имам Бәйһақи). Yшінші: Түнгі намаз оқу-тақуа жандардың сипаты. Алла Тағала қасиетті Құранның көптеген аяттарында тақуа құлдардың сипаттары жөнінде баяндаған. Сондай тақуа жандардың бір сипаты олар түн ұйқысын бөліп, кұлшылық жасайды. Алла Тағала қасиетті Құранның «Зарият» сүрeci, 15-17-аяттарында: «Расында тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады, олар өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар бұдан бұрын ізгілік iстеушілерден болды. Олар түнде аз ғана ұйықтайтын еді», деп айтқан. Aрдақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Түнгі намазға аса маңыз беріңдер. Оны сендерден алдынғы өткен әр кiciлер үнемі орындап жүретін. Түнгі намаз – Жаратушыларыңа жақындатады, жамандықтарыңды өшіреді және күнәлі істерге баруға тосқауыл болады», деген.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.c.): «Абдулла қандай жақсы адам, егер ол түнгі құлшылыққа тұрса, тіпті жақсы болар еді», деп, Абдулла ибн Омарды меңзеген. Осыдан кейін Абдулла түнде өте аз ұйықтап, оның көп бөлігін құлшылықпен өткізетін болған. Өзінің тақуалығымен танылған ізгі жандардың барлығы да осылайша түнгі намазға деген үлкен ұқыптылықпен қарайтын еді. Мысалы, имам Әбу Ханифаны (Алла оны рақымына алсын) түндеpі тапжылмай қиямда ұзақ тұратындықтан, адамдар оған «Дінгек» деп ат қойған екен. Әбу Сулайман (Алла оны рақымына алсын): «Егер түнгі құлшылық болмағанда бұл дүниеде қалуды еш ұнатпаған болар едім» десе, Мұхаммад ибн әл-Мункадир (Алла оны рақымына алсын): «Дүниеде үш нәрседен басқадан еш ләззат таппадым. Олар: түнгі құлшылық, дін жолында бауырларыммен жүздесу және жамағат намазы», деген екен. Қадірменді жамағат! Нәпіл құлшылықтар біздерді Жаратушымыздың сүйіспеншілігіне жетелейді. Сол нәпіл амалдардың iшіндегі ең абзалы – түнгі намаз. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Парыз амалдардан кейінгі ең абзал намазы – түнгі намаз», деген (имам Мүслим). Ендеше, әсіpесе осы қасиетті Рамазан айында күндізгі оразамен қатар, түндерімізді де тағат- құлшылықпен өткізуге тырысайық. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды, тілеп жатқан дұғаларымызды қабыл етiп, бұл Рамазаннан келесі Рамазанға баршамызды амандықта жеткізгей!

Ержан АМАНБАЕВ,
Жұма уағызын жүргізген облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы

Таңдаулы материалдар

Close