Basty bet
Тұншықтырғыш газбен улану жағдайындағы жасалуы қажетті алғашқы көмек:
Жеңіл улану кезінде (егер іс бас айналу мен жүрек айнуымен шектелген болса) әдетте адамды таза ауаға шығару (немесе көтеріп шығару) жеткілікті болады. Бірақ оның жағдайы толығымен қалыпқа келгенге дейін байқаңыз, егер қажет болса, уақытында көмекке келу үшін кез-келген өзгерістерге назар аударыңыз.
Ауыр уланулар мен орташа ауырлықтағы зақымдануларда, әдетте, ауруханаға жатқызу қажет. Және кез-келген жағдайда медициналық көмексіз әрекет етуге тырыспаңыз — «жедел жәрдемді» тез арада шақырыңыз.
Өрт кезінде “101”-ге хабарласыңыздар. Құтқару қызметінің телефоны “112”.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 өрт сөндіру бөлімі