Basty bet
ҚАМБАМЫЗ АСТЫҚҚА, ӨРІСІМІЗ МАЛҒА ТОЛУДАСуреттерді
Ауданның егін шаруашылығында 2019 жылдың өнімі үшін 63 835 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу жоспарланса, масақты дәнді дақылдар 37 050 гектар (соның ішінде күздік бидай 11 020 га, жаздық арпа 25 730 га, дәндік жүгері 300 га), 660 гектар көкөніс және бақша, майлы дақылдар 20 820 га (соның ішінде 920 га күнбағыс, 19 820 га мақсары, 80 га қытай бұршағы), картоп 2 500 га, 145 га қант қызылшасы отырғызылып, 2 660 га көпжылдық шөптер егілді.
2019 жылдың өнімі үшін егін егу жұмыстары бойынша жаздық арпа 25 879 га (101%), майлы дақылдар 20 845 га (100,1%), картоп 2 543 га ( 100,8%), көкөніс 650 га (100%), дәндік жүгері 303 га (101%), қант қызылшасы 102 га (70%), мал азығы 2680 га (100,4%) егілді. 2019 жылдың өнімі үшін 11 020 гектар жерге күздік бидай себілді.
Бүгінгі күні барлық ауылдық округтерде жазғы масақты дәнді дақылдарды жинаудың науқандық жұмыстары басталып кетті. Масақты дәнді дақылдардың ораққа түсетіні барлығы 35 494 га (соның ішінде күздік бидай 9615 га, жаздық арпа 25 879 га), бүгінгі күнге орылғаны 22 302 га (63%) орташа өнімділігі 23,0 ц/га (жоспар 22,3 ц/га), жалпы түсім 51 295 тонна (оның ішінде күздік бидай 6120 га, орташа өнім 23,3 ц/га, жаздық арпа 16 182 га, орташа өнім 22,8 ц/га).
Ораққа қатысып жатқан астық жинайтын комбайндар саны – 124, соның ішінде 13 дана комбайн сырттан келген Германия мемлекетінде шығарылған шетелдік «Класс» фирмасының комбайндары жұмыс атқаруда. Аталған комбайндар жұмыспен толық қамтылуда. Егін орағына бекітілген жұмыс жоспары бойынша, ораққа түсетін алқаптарды қолда бар 111 астық жинайтын комбайнмен 22 жұмыс күнінде аяқтау көзделген. Қосымша сырттан келген шетелдік 13 комбайнның арқасында жоспарды 17-18 күнде аяқтау көзделуде.
Аудан бойынша барлығы 6760 га сүдігер (пар) көтеру және өндеу жұмыстары атқарылуда, аталған алқапқа 2020 жылдың өнімі үшін күздік бидай егіледі.
Ауыл шаруашылығы жиын-терін жұмыстары барысында шаруаларды кепілді арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында Жуалы ауданына таратушы операторлар болып «Орсо Энерджи» ЖШС мен «Ауыл мұнай» жеке кәсіпкерлігі белгіленіп, күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 2 015 тонна жанар жағар май бөлінді (шілде – 455 тонна, тамыз – 520 тонна, қыркүйек – 650 тонна, қазан – 390 тонна), тарату бағасы бір литрі 177 тенгеден.
2019 жылдың алғашқы жартысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы орындалғаны 7 378,0 млн. теңгені құрады (соның ішінде егін шаруашылығы 0,3 млн тенге мал шарушылығы өнімі 7 377,0 теңге), (2018 жылы 6 414,0 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 102,4 пайызды құрады.
Ауданның мал шаруашылығы саласында жыл басынан бері мүйізді ірі қара 47 113 бас (2018 жылы 43 603 бас), қой-ешкі 263 901 бас (2018 жылы 248 198 бас), жылқы 12 771 бас (2018 жылы 11 438 бас), құстар 132 554 бас (2018 жылы 120 549 бас). Мал басы 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 104,7 пайызға, қой мен ешкі 104,0 пайызға, жылқы 105,0 пайызға, құстар 100 пайызға артты.
Мал басының артуымен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі де ұлғайып, ет өндіру тірі салмақпен 6 231 тоннаны (2018 жылы 6098 тн.), сүт өндіру 20 041 тоннаны (2018 жылы 19 403 тонна), жұмыртқа 1 936 мың дананы (2018 жылы 1 915 мың дана) құрап, 2018 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет өнімі 102,2 пайызға, сүт өнімі 103,3 пайызға, жұмыртқа 101,1 пайызға артты.
Рақымғазы ҚҰНИЯЗОВ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы