Basty bet

«Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады.
«Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі мен Ш.Уәлиханов кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы 15 қазаннан бастау алды.
Конкурстың мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, халық арасында үздік көркем әдеби шығармаларды кеңінен тарату.
Мақсатты аудитория/ қатысушылар: халықтың барлық санаттары, бизнес-қауымдастық, меценаттар.
Байқау екі кезеңді құрайды:
Бірінші кезең әлеуметтік желілерде эстафета форматында өткізіледі. Қатысушы шығармадан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі КММ-нің https://web.facebook.com/profile.php?id=100021972438258,https://www.instagram.com/ruhani_zhangyru_zhambyl/tagged/?hl=ru ортақ аккаунттарын белгілеп, фэйсбук-инстаграмдағы жеке бетіне байқаудың арнайы хештэгтерін пайдалана отырып #zhambyloblysy#RuhaniJangyry#KitapOqypRuhaniBaiBol орналастырулары қажет.
Байқауға қатысатын жастардың жас ерекшелігі: 15 жасқа дейінгі және 15 жастан жоғары санаттағылар.
Бірінші кезең 2019 жылдың 30 қарашасында тоқтатылады.
Аяқталу процесі: 2019 жылдың желтоқсан айы.Екінші кезеңге әлеуметтік желілерде ең көп лайктар мен репост жинаған қатысушылар өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін:
«Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» КММ
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-31-20, ұялы тел: 87479906983, 87072731348.

Таңдаулы материалдар

Close