Basty bet

Сала мамандарымен кездесті

Аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаевтың төрағалығымен аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында жиын өткізілді. Оған мекеме басшылығымен қатар мамандар қатысты.

Жиынның күн тәртібіне келер болсақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша орындалған көрсеткіштерді талдау және 2021 жылға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудандық кешенді жоспардың болжамды көрсеткіштерін белгілеу және тиімді орындалуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
Аталған мәселе бойынша баяндаған мекеме директоры Зиядхан Бүрлібаев 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша белгіленген жоспарлық көрсеткіштерге толыққанды қол жеткізілгенін атап өтіп, биылғы жоспарларға да тоқталды.
-2021 жылы Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен 60 азаматты қатыстыру жоспарланып отыр. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 15 адам, (жалпы-75 адам). Екінші бағыт – кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша мемлекеттік грант 200 адамға әрқайсына 200 еселік АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінуіне сұраныс жасалып, үшінші бағыт ақылы қоғамдық жұмыстарға – 500 адам (республикалық бюджет- 400 адам, жергілікті бюджет- 100 адам). Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарға 20 жұмыс беруші тарапынан 539 адамға өтінімдер тіркеліп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрығымен бекітілді. Тағы бір айта кетерлігі, жұмысшылардың еңбекақылары – 85000 теңге көлемінде белгіленіп отыр. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына 120 жұмыссыз азаматты қатыстыру жоспарланды. (РБ- 100 адам; ЖБ- 20 адам). Жастар практикасына- 110 жас маманды жұмысқа жолдау жоспарланды. ( РБ- 80 адам; ЖБ- 30 адам),- деді орталық басшысы.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Қалмұрзаев 2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша тиісті шаралар қабылдап, жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді мекеме басшысына мықтап тапсырды. Сонымен қатар, жұмыспен қамту шараларына мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуын үнемі назарда ұстау қажеттігін еске салды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

Таңдаулы материалдар

Close