Basty bet
Бірыңғай иммундау апталығы
2023 жылы сәуір айының 23-і мен 29 жұлдызы аралығында Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде Жамбыл облысында бірыңғай иммундау апталығы өтеді.
Аталған шара 2006 жылдан бастап жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен Еуропа мен Орталық Азиядағы 53 елде бір мерзімде өткізіледі. Үстіміздегі жылы иммундау апталығы «Ауқымды қуып жету иммунизациясы қажет!», «Әр дозаның маңызы бар!», «Вакцинация туралы айтыңыздар!» ұрандарымен ұйымдастырылады.
Бірыңғай иммундау апталығының мақсаты – тұрғындар үшін денсаулық пен әл-ауқаттың ең жоғары деңгейіне ұмтылу, олардың денсаулығын қорғау мен нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау жолында табысқа жету. СOVID-19 пандемиясының төртінші жылында, кейбір елдерде болып жатқан жойқын соғыс уақытында, сонымен қатар табиғат-климаттық дағдарыс кезінде, Денсаулық сақтау қызметтерін ұсынудың екі жүйесін енгізу қажет. Біріншісі – денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға дайын болу, екінші – жалпы денсаулық сақтаумен және адамдарға күнделікті қажетті қызметтерді үздіксіз көрсетуге дайын болу.
ДДҰ Еуропалық аймағы аурулардың алдын алу және өмірді қорғаудағы иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болу, COVID-19 пандемиясына байланысты вакцинация деңгейінің жаһандық төмендеуі жағдайындағы вакцинаны пайдалануды жақсартуға бағытталған.
Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген барлық жұқпалы аурулар тікелей адам денсаулығы мен өміріне қауіп туғызады. Полиомиелит нәтижесінде өмірлік салдану (паралич), күл – салдану мен миокардит, эпидемиялық паротит – бедеулік пен қант диабеті, «В» вирустық гепатиті – бауыр циррозы мен обыры, жүктілік кезіңдегі қызамық – нәрестенің туа біткен даму ақауларына алып келуі мүмкін. Сіреспеге қарсы егілмеген кез келген бала мен ересектер арасында жай жарақат алғаннан кейін өлімге алып келуі мүмкін. Туберкулезге қарсы егілмеген адамда туберкулездің ауыр асқынулары мен індеттің ауыр дәрежесіне алып келуі мүмкін.
Екпе жасалатын 21 аурудың ішінде бүгінгі таңда ұжымдық иммунитеттің төмендеуі мен алдын ала екпелерден бас тартушылардың өсуі салдарынан қызылша және А вирусты гепатитінің таралу қаупі бар.
Иммунды алдын алу – аурушылдықтың, өлім жағдайларының, жұмысқа қабілеттілігінің жойылуының алдын алатын тиімді әрі шығыны аз әдіс болып табылады. Қазақстан Республикасында алдын ала егу ақысыз түрде жасалады.
Ұлттық иммундау апталығы кезінде алыс орналасқан шалғай аудандарға жылжымалы егу бригадалары ұйымдастырылады. Жиі екпелерден бас тартатын діни бірлестіктермен ақпараттық-ағарту бағытында кездесулер ұйымдастырылады. Тұрғындардың алдын ала екпелер туралы сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен сауалнамалар жүргізіледі.
Екпе алуға асығыңыз! Өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің денсаулығына салғырт қарамаңыз!
Нәзипа Әзімбекова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы