Basty bet

Егемен елдің берік қорғаны

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. 1992 жылдың 7 мамырынан бері тойланып келе жатқан бұл мереке – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн.
Осы орайда, Абай атындағы орталық кітапханасы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы шекара қызметі басқармасының сұранысымен 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Егемен елдің берік қорғаны» атты мерекелік кеш өткізді.
Іс-шарада кітапхана ұжымы «Қуатты Армия – ел қорғаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, қазақ халқының батыр ұлдары Қасым Қайсеновтің «Жау тылында», Мамытбек Қалдыбайұлының «Б.Момышұлының сүйікті ұстазы» атты еңбектеріне библиографиялық шолу жасап, кітапхана қызметкері Қарашаш Ақылбекова туған жер, Отан туралы патриоттық рухты көтеретін әндерін орындады.
Жамбыл ауданы бойынша ТИжКЖБ бастығының орынбасары, подполковник Қуаныш Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, шекара қызметіндегі іс-шаралардың өткізілуіне атсалысқаны үшін Тараз қаласы ОККЖ директоры Ұлбосын Сәулебаева және Абай атындағы орталық кітапхана ұжымын Алғысхатпен марапаттады.
Шара аясында «Бесағаш» шекара бөлімшесінің қатардағы жауынгері Жансұлтан Теміргеев өнерін ортаға салды.

Камила АБСЕМЕТОВА,
кітапхана меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close