Basty bet

Неге қайтыс болу фактісін анықтау арыздары тұрғындар тарапынан ұлғаюда?!

Азаматтардың өздерінің туыстарының қайтыс болғаны туралы фактісін анықтау туралы сотқа арыздануы көптеген себептерге байланысты. Мысалы, туыстары қайтыс болған кезінде оның атында қалған мүлікті отбасы мүшелері заң жүзінде бөліскен кезінде, нотариус мүлік егесінің қайтыс болғаны туралы куәлігін сұратады. Сол себептен туыстары қайтыс болғаны туралы сот арқылы анықтауға барады.
Ең біріншіден, жергілікті аурухананың медбикесі келіп азаматтың қайтыс болғаны туралы куәландыруы қажет. Қайтыс болғаны туралы медбикенің анықтамасын жергілікті АХАЖ бөліміне жеткізіп, заң жүзінде тіркету қажет.
Аталған рәсімді білмейтін азаматтар көп. Сол себептен сотқа дейін жеткізбес бұрын, осы талаптарды әр азамат білгені жөн.
Сонымен қатар, қайтыс болған азаматты жерлеу кезінде жергілікті имамдар тарапынан азаматтардың қайтыс болу рәсіміне қатысқан кезінде, туыстарынан міндетті түрде қайтыс болу фактісін тиісті органдарға хабардар ету, жергілікті тұрғындардың туыстары қайтыс болған кезінде медбикені шақыртып қайтыс болу фактісін куәландыру заңнамалық талаптарын сақтау қажеттілігі мәселесін халыққа жеткізуі керек.
Қайтыс болу фактісін анықтау істері бойынша азаматтық істердің көрсеткіші ұлғайғандығы ол азаматтардың осы жоғарыда айтылған талаптардың білмеуі десе болады.
Ауылдық округтердің әкімшіліктері жергілікті тұрғындарға осы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе пайдалы болар еді. Сонда ғана тұрғындар құжаттарды уақтылы тіркеп, құжаттарын дұрыстатады.
Берік Иманалиев,
аудандық соттың
жетекші маманы

Таңдаулы материалдар

Close