Basty bet

Әрбір пациентке кәсібилік пен жеке көзқарас қажет

«Жуалы аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК мемлекеттік медициналық қызметтерді көрсетуге арналған лицензиясының негізінде қызмет ететін заңды тұлға және аудан аймағындағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсететін монополист болып табылады. Жамбыл облысының орталығына дейінгі қашықтық – 56 шақырым.
Ауданға қарасты ауылдық округтердің тұрғындарына медициналық қызметті – 111 төсектік орны бар стационар, клиникалық-диагностикалық зертхана, 250 келішуге арналған емхана, 4-ші дәрежелі шұғыл көмек көрсету бөлімі, 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 34 медициналық пункт көрсетеді.
Сонымен қатар, ауруханада бір жылжымалы медициналық кешен автобусы, 10 УАЗ маркалы санитарлық көлік, 2 «Лада ларгус» көлігі және бір реанимобиль көлігі бар.
Мекемеде жалпы 678 адам қызмет атқарады. Оның ішінде, 78 дәрігер, 340 мейірбике, 124 тазалықшы және 115 басқа да қызметкерлер бар. Орталық аурухана дәрі-дәрмекпен толықтай қамтамасыз етілген, қоймада оның екі айлық қоры бар.
Аурухананың клиника-диагностикалық зертханасына 2022 жылдың 1-ші тоқсанында замануи бес дана анализатор алынды. Атап айтар болсақ:
– биохимиялық қан талдауын анықтайтын 18 параметрлі JS T240 анализаторы;
– жалпы қан анализін анықтайтын 21 параметрлі BCC 6900 анализаторы;
– коагулограмма анализін анықтайтын С3100 анализаторы;
– жалпы зәр анализін анықтайтын Н-100 анализаторы, қан құрамындағы газдармен электролиттерді анықтайтын EPOC анализаторы.
-DIRUI FUS-2000 гибридті зәр анализаторы жалпы зәр анализін жүргізуге, сондай-ақ оның біркелкі элементтерін талдауға және бір үлгіні пайдаланып диагностикалауға мүмкіндік беретін толық автоматтандырылған зәр анализінің жүйесі болып табылады.
Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 165 операция жасалды. Оның 83,7%-ы міндетті медициналық сақтандыру аясында жүзеге асырылып отыр. МӘМС аясында 1 292 науқас емделді.
-«Аудандық орталық аурухана жұмысының айқындаушы қағидаты – әрбір пациентке кәсібилік пен жеке көзқарас болып табылады»,- деп атап өтті бас дәрігер Батырбек Үсенбаев.

АОА-ның әкімшілігі

Таңдаулы материалдар

Close