Basty bet
Балалардың терезеден құлауының алдын алу
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Терезеден құлау әсіресе көпқабатты үйлерде тұратын балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Балалар ашық терезенің алдында өте осал.
Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:
– Пәтерде несесе үйде терезелерді ашқан және бөлмені желдеткен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз. Желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз;
– Балаларға балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз;
– Ешқашан ұйықыдағы баланы пәтерде немесе үйде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып ашық терезеге келуі мүмкін;
– Барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді, терезеден алыс орнатыңыз. Бұл баланың терезеге кездейсоқ құлауын алдын алуға көмектеседі;
– Терезенің ашылғанын балаға көрсетпеңіз. Кейін ол терезені өз бетімен ашуға үйренген сайын, оның пәтерде немесе үйде болуы қауіпсіз болады;
– Баланың терезеге мінуі үшін немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындықты немесе өзге де құралдарды қоюға үйретпеңіз.
Есіңізде болсын! Балалар үшін терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түрлі құралдары бар. Олардың кейбірінің құны әркімге қол жетімді. Балалардың өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ !
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі