Basty bet

“Үздіктер шеруі-2023”

№27 Диқан орта мектебінде 2022–2023 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша «Үздіктер шеруі – 2023» тақырыбында мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі – талантты, заманауи білімді игерген дарынды оқушыларды марапаттау мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді. Іс-шараны мектеп директоры Майра Молдақұлова ашып, білім алушылардың алдағы әрбір күндеріне сәттілік тіледі.
Мектепішілік бұйрыққа сәйкес мектебімізде үздік нәтиже көрсеткен 39 оқушы марапатталды. Білім ордамызда 11 сынып оқушылары Ж.Анарқұл, А.Бекмұхан және 9 сынып оқушылары І.Төленді, Ж.Мұхамедсапа, Ж.Кәдірбек үздік аттестат иегерлері. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының түрлі дәрежелі дипломдарымен мектеп оқушылары Ж.Кәдірбек, И.Сайлау, Ж.Мұхамедсапа, Г.Пернебек, А.Ботбайбек, Қ.Кәдірбек, Н.Мұхамедсапа, А.Артықбай т.б марапатталды. Аудандық түрлі байқаулар мен спорттық жарыстардан А.Айдарбек, А.Сайлау, А.Кенжебай, А.Ернар, А.Нұрмахан, А.Бекмұхан, Д.Бекмұхан, М.Бекмұхан, А.Пернебек түрлі дәрежелі диплом иегерлері болды.
Әр бала – жас шыбық… Жас кезінде қалай исең, солай қалыптасады.
Ата-ананың қолдауы балаға сенімділік пен жаңа жеңістерге жол ашатыны сөзсіз. Мектебіміздің үздіктерінің ата-аналарын марапаттау кезеңі де сәтті өтті. Үздік оқушыларымыздың ата-аналары: Руслан Таменов, Ақмарал Жарылқасынова, Жанат Сыдықов, Индира Сарымбетова, Саят Батырбаев, Айман Батырбаева, Жұбаныш Өтегенов, Гүлзат Өтепбаева сияқты бала бойына әдептілікті сіңіріп, қайырымды ақыл-кеңесін беріп, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, шыншыл болуды үйретіп және оқу озаты болуға баулып отырған ата-аналарымыз да мектеп директорының арнайы Алғысхатымен марапатталды.
Ұстаздық – ұлы ұғымға құрылған мамандық десек, осы кәсіпті жан қалауымен қалап, мектебі үшін бар күшін сарқа жұмсап, онысын нәтижелі ісімен дәлелдеп келе жатқан тәжірибелі, бала жүрегіне жол тапқан білікті мамандар жеткілікті. Өздері де, оқушылары да үнемі ізденісте жүріп, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы болып жүрген мектебіміздің ұстаздары: Санағат Оразбаева, Толғанай Қыстаубаева, Рауза Момбаева, Райхан Ршманова, Теміржан Бексұлтанов, Қуаныш Өсербаев, Тәжібай Қыстаубаев, т.б.
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» деген екен ғалым Қаныш Сәтбаев. Міне, осындай жетістікке жету жолына өз ісіне берілген, жас ұрпақтың болашағы үшін өз уақытын аямайтын, білікті, тәжірибелі, жаңалыққа жаны құмар басшымыз Майра Қожахметқызының да еңбегі зор.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, елімізде жас ұрпаққа мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беретін ұстаздарымыз бен жоғары, мақсатшыл, жігерлі, өр рухты жастарымыз көп болсын!

Бахыткул Полатова,
№27 Диқан орта мектебі директорының
ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары

Таңдаулы материалдар

Close