Basty bet

«Ауғанның отын кешкендер»

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 9 ақпан күні Балалар кітапханасында «Ауғанның отын кешкендер» тақырыбында патриоттық іс-шара өтті.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Пердебай Оспанов бастаған ауған ардагерлері Алжаппар Абдиев, Байғали Тәңірбергенов, Қази Тасымбетов, Асылхан Әбдіқасымов, Қосмұрат Имахаев, Орынғали Сатыбалдиев, Әлімхан Асибеков, Елжан Пернешов, Мақсатбек Әбдібеков қатысты.
Ардагерлер Ауған соғысында өткен қиын күндері жайлы қысқаша әңгімелеп беріп, басынан кешкен оқиғаларымен бөлісті.
Іс-шара соңында ардагерлерге алғысымызды айтып, дендеріне саулық тілеп, кітапханашылардың атынан алғыс білдірді.
Жастарды патриоттық бағытқа тәрбиелейтін шарада «Ауған ақиқаты ерлікке тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханаға төрт оқырманға, 11 дана кітап берілді.
Жалпы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай барлық ауылдық кітапханаларда түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Эсмира Мәден,
Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы

Таңдаулы материалдар

Close