Basty bet

Ғафудың ғажап жырлары

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2023 жылы ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Шақпақата ауылдық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, қазақ поэзиясының лирик ақыны Ғафу Қайырбековтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мәңгі өшпес поэзия сарыны» атты поэзия сағаты өтті.
Поэзия сағаты барысында №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектеп пен №4 Өнер мектебінің шәкірттері ақынның өлеңдерін оқып, “Дала қоңырауы” поэмасынан үзінді көрініс көрсетті.
Кітапханашы А.Айтбекова «Ғафудың – сыршыл әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Дала қоңырауы» инстоляциясы, «Жырға жанын бөлеген ақын» әдістемелік құрал, «Мәңгі өшпес поэзия сарыны» библиографиялық көрсеткіш, «Қазақ поэзиясының жұлдызы» ауызша журнал, «Терең тамырлы тұлға» атты ақпараттық-жарнамалық парақшаны таныстырды.
Сонымен бірге оқушылар ақын Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр», «Сәлем, Қазақстан» әндерін орындап, қазақ, ұйғыр билерін биледі.
Кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі К.Таубалдиева, бірыңғай қорды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі М.Ермекбаева кешті қорытындылап, іс-шараға қатысқан оқушыларды марапаттады.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Таңдаулы материалдар

Close