Basty bet
Тағайындау
Жуалы ауданы әкімінің 2022 жылғы 11 мамырдағы №139-Ж/Қ өкімімен Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болып Рақымғазы Құниязов тағайындалды.
Рақымғазы Нұрғазыұлы ҚҰНИЯЗОВ
1961 жылы бұрынғы Семей облысына қарасты Көкбекті ауданының Үлгілі малшы ауылында туған. Білімі – жоғары. 1993 жылы Қазақстан «Еңбек Қызыл Ту» орденді ауыл шаруашылығы институтын тамамдаған. Мамандығы – агроном.
Еңбек жолын 1978-1983 жылдары Семей облысының Көкбекті ауданына қарасты Үлгілі ауылындағы «Қарлығаш» комсомол жастар бригадасында жұмысшы болып бастаған. 1983-1986 жылдары Алматы облысының Талғар қаласында Талғар ауыл шаруашылығы техникумында білімгер, 1986-1997 жылдары Жуалы ауданының Көлтоған ауылындағы «Путь коммунизма» колхозында агроном, бас агроном. 1997-2003 жылдары «Рысбек батыр» өндірістік кооперативінің төрағасы, 1998-1997 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман, аудан әкімінің аппаратында бас инспектор, 2008-2011 жылдары аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2010-2011 жылдары аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бөлім бастығының орынбасары, 2011-2012 жылдары аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде штаттан тыс келісім-шарт негізінде инспектор, аудан әкімінің аппаратында штаттан тыс келісім-шарт негізінде инспектор, 2012-2013 жылдары аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде сектор меңгеруші, 2013 жылдан осы күнге дейін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.