Basty bet

Индикторлық тапсырмаларды орындау – басым бағыт

Аудан әкімдігі жанындағы жер комиссиясы өңірдегі жер қатынастары саласында туындайтын мәселелерді қараумен және осы салада мүдделі органдардың жұмысын үйлестірумен шұғылданады. Комиссияның жұмыс органы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі болып табылады.

Жақында құрамы жаңарған жер комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырыста негізінен облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтың жер қатынастары саласындағы мәселелерді реттеу мақсатында 2022 жылға бекіткен бес индикаторлық көрсеткіштің біреуі, яғни босалқы жер қорынан егістік жерлерді қайта айналымға енгізу мәселелері қаралды.
Айта кетерлігі, осы индикаторға сәйкес Жуалы ауданында биыл ауыл маңындағы 5 шақырымдық радиустағы 15 582 гектарды қайтару, босалқы жерлер санатындағы 2096 гектар жайылым жерлерді елді мекенге қосу, 0-50 гектар аралығындағы 535 гектар жерді конкурсқа шығару, бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін «конкурссыз» 54 гектар жер беру жоспарланған. Сонымен бірге жыл соңына дейін игерілмеген 7 618 гектар жер босалқы қорға қайтарылуы қажет. Жерге орналастыру жобасына 15-20 млн. теңге қаржы бөлінген.
– Жер комиссиясының отырысында жеке және заңды тұлғалардан түскен тоғыз өтініш қаралды. Соның ішінде бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін Шақпақ ауылдық округінен үш адам, Мыңбұлақ ауылдық округінен бес адам өтініш берген. Жер комиссиясында осы және басқа да өтініштер қаралып, талқыланды.
Жалпы, тұрғындардың бау-бақша өсіруге құлшынысы қуантарлық бастама. Алдағы уақытта мұндай көрсеткішті 200 гектарға дейін жеткізіп, әр отбасын бау-бақша өнімдерімен барынша қамтамасыз етуде жұмыстар басталуда, – дейді аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Қадірхан Жарасұлы.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close