Basty bet

АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛУДА

Құрылыс – экономиканың күретамыры. Мұны қазіргі заманның
ағымы дәлелдеп беріп отыр. Қазір қайда барсаң да тұрғындардың игілігі
үшін салынып жатқан әлеуметтік нысандардың және жеке секторларда
құрылыстың қарқын алып отырғанын көресің. Әлеуметтік нысан
демекші, биылғы жылы біздің ауданға қарасты сегіз ауылда жекеменшік
әріптестік негізінде медициналық пункттердің құрылысы жүріп жатыр.
Атап айтқанда, Майбұлақ, Қарасу, Қосбөлтек, Ақтасты ауылдарында
бес келушіге арналған медициналық пункттің, сонымен бірге Тәттібай
Дүйсебайұлы ауылында 10 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік
пункттің құрылысын «АКМ ГРОУП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
жүргізуде.

Теріс-Ащыбұлақ, Кәріқорған, Қаратас
ауылдарындағы медициналық пункттердің
құрылысын «Түркістан құрылыс» ЖШС
жүргізіп отыр. Қазіргі таңда Майбұлақ,
Қарасу, Қосбөлтек ауылдарындағы емдеу
мекемелерінің қабырғалары қаланып,
шатырлыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары
жүруде. Ал Теріс-Ащыбұлақ, Кәріқорған,
Қаратас ауылдарында мекеменің іргетасы
қаланып, жұмыстар басталып кетті.
А уд а н д а ғ ы б і р қ а т а р б і л і м б е р у
м е к е м ел е р і н д е д е қ ұ р ы л ы с ж ө н д еу
ж ұ м ы с т а р ы ж ү й е л і ж ү р і п ж а т ы р .
Атап айтқанда, Шақпақата, Көлтоған
ауылдарындағы Қ.С ағындықов және
С.Бәйтіков атындағы орта мектептердің
о қ у к о р п ус ы н ы ң ш ат ы р ы н а к ү рд ел і
жөндеу жүргізуге тиісті қаражат бөлініп,
жұмыстар атқарылып жатыр. Одан бөлек,
Көлбастаудағы А.Байтұрсынов атындағы
орта мектептің спорт залының едені
ауыстырылуда. Қ.Қошмамбетов атындағы
орта мектепке спорт зал мен қазандықтың
құрылысы мамыр айының екінші жартысында
басталғанын айта кету керек. Қарасаз
ауылында тұрғындар көптен күткен ауыз
су мәселесі сәтін салса жақын арада
шешілмек. Ауыз су жүйесінің құрылысына
республикалық бюджет қаражаты есебінен
616,29 миллион теңге қаралып, бүгінде
аталған құрылыстың жұмыстары 50 пайызға
аяқталған.
«Денсаулық – зор байлық» демекші,
осы орайда ауданға қарасты ауылдарда
бой көтеріп жатқан денсаулық сақтау
мекемелерінің салыну барысы туралы аз-
кем айта кеткенді жөн санап отырмыз. Біз
осы мақсатта Көкбастау ауылдық округіндегі
Қосбөлтек ауылында бес келушіге арнап
салынып жатқан медициналық пункттің
құрылысын көруге барған болатынбыз. «АКМ
ГРОУП» ЖШС Қосбөлтектегі медициналық
пунктпен қатар Майбұлақ, Қарасу, Ақтасты,
Т.Дүйсебайұлы ауылдарындағы денсаулық
сақтау нысандарының да құрылысын қатар
жүргізіп отырған жайы бар. Қосбөлтек
ау ы л ы н д а ғ ы м ед п у н к т т і ң қ ұ р ы л ы с ы
мамыр айында басталған екен. Қабырғасы
қаланып, шатыры жабылған. Қазір мұнда
сантехникалық және ішкі әрлеу жұмыстары
қызу жүруде. Нысанда тұрақты түрде бес
адам жұмыс істеп жатыр. Құрылысқа жауапты
мердігер компанияның инженері Кәмілхан
Әбиевпен ұялы телефон арқылы сөйлестік.
-Біздің серіктестік Жуалы ауданында
бес емдеу мекемесінің құрылысын жүргізіп
жатыр. Оның ішінде Қосбөлтек ауылындағы
медициналық пункттің құрылысы туралы
айтар болсам, мұндағы жұмыстардың
дені аяқталып қалды. Құрылысқа негізінен
отандық өнімдер пайдаланылды. Сапалы
цемент өз облысымыздан және көршілес
жатқан Түркістан облысынан жеткізілді. Ал
құрылысқа ең қажетті материал күйдірілген
кірпіш өз облысымыздың өнімі. Ғимараттың
сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары
аяқталып келеді. Бұл жұмыстарды аяқтаған
соң ғимараттың ауласына және қақпаның
алдына жаяулар жүретін жол, сонымен
бірге автокөлік қоятын орын жасаймыз. Бес
адам тұрақты жұмыс істеп жатыр. Барлық
жұмыстарымыз құрылыстың талаптарына
сай жасалу үстінде. Ауылдың тұрғындары
да күнделік ті к еліп, атқарып жатқан
жұмыстарымызды қадағалап отырады,- дейді
Кәмілхан Жамбылханұлы.
Қосбөлтек ауылының тұрғындары көптен
күткен емдеу мекемесінің де қолданысқа
берілер сәті жақындап келеді. Біз құрылыс
басынан ауылдық ақсақалдар алқасының
т ө р а ғ а с ы Б а з а р б е к С ұ л т а н б е к о вт ы
жолықтырып, әңгімеге тарттық.
– Шынында бұл медициналық пункттің
с а л ы н у ы н ау ы л т ұ р ғ ы н д а р ы к ө п те н
күтті. Алла нәсіп етіп бұл қуанышқа да
жетіп отырмыз. Сәтін салса, ғимаратты
пайдаланар күн де алыс емес. Одан бөлек,
биылғы жылы біздің ауылда құрылыс саласы
бойынша көптеген игі істер атқарылды деуге
болады. Ұзындығы екі шақырымнан асатын
Жапарқұл көшесіне асфальттау жұмыстары
сапалы жүргізілді. Қосбөлтек пен Көктөбе
ауылдарының аралығында үлкен мешіттің
құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл – ең
алдымен ел ішіндегі ынтымақ пен бірліктің
сүттей ұйып отырғанын көрсетсе керек,-
дейді Базарбек аға.
«Тату елге тыныштық пен тоқшылық
нәсіп» демекші, соңғы жылдары ауыл
тұрғындарының да саны артып отырғанын
байқауға болады. Осы ретте ауылдың
темір жол жақ бетінен «Қосбөлтек» тұрғын
алабының инфрақұрылымы құрылысы жүріп
жатыр. Қазір мұнда белгіленген төрт көшеге
электр бағаналарын тарту, тағы да басқа
жұмыстар жүргізілуде екен.
Нұржан МАНАСҰЛЫ.
Суретті түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close