Basty bet

Жуалы ауданы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

Аудандық ЖАО арқылы жалпы 78 қызмет түрі көрсетіледі

Оның ішінде: Жуалы ауданы әкімдігі бойынша сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер саны 57

Ауылдық округтермен және аудан әкімдігінің бөлімдерімен 2020 жылдың 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны барлығы – 35219 (о.і заңды тұлға – 284) (2019 жылдың 9 айы – 90653);

Оның ішінде:

–        көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6707 (19,04%) (2019 жылдың 9 айы 5752 (6,35%);

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 608 (1,73%) (2019 жылдың 9 айы 4736 (5,22%));
  • электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 23633 (67,1%) (2019 жылдың 9 айы 74715 (82,42%));  
  • мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2943 (8,36%)(2019 жылдың 9 айы 4502 (4,97%));

–        электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-Лицензиялау» веб порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1328 (3,77%) (2019 жылдың 9 айы 948  (1,04%)

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жопсарына сәйкес:

  1. 2020 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген іс-шарлар саны – 123 (2019 жылдың 9 айы – 110).

Аудан әкімдігінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жалпылама түсіндіру және электрондық нысанда қызмет алу бойынша түсіндірме іс-шараға қатысқан халық саны – 4369 (2019 жылдың 9 айы – 6152).

Аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» және «Жуалы»  газетінің нөмеріне 17 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақалалар жарияланды. (2019 жылдың 9 айында – 6).

Одан бөлек «MunaraNews» ақпараттық агенттігіне 1 мақала жарияланған«Jambyl TV» телеарнасына 1 бейнеролик жарияланды.

2020 жылдың 22 мамырында Жуалы ауданы әкімідігінің қызмет берушілер арасында заңнамалар талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін және есептілік нысанын дұрыс толтырылуы бағытында түсіндіру және атқарылған жұмыстар туралы кеңес өткізілді.

Одан бөлек аудан бойынша 37 өзіне өзі қызмет көрсету  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

Оның ішінде: 14 қоғамдық бұрыш Б.Момышұлы ауылы әкімі аппараты және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында орналасқан.

5 қызмет көрсетуші бөлімде және аудан әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан.

17 кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталық  бар.

2019 жылдың 19 қарашасында Нұрлыкент және Көкбастау ауылдық округтерінде және 2020 жылдың 16 қыркүйегінде Ақтөбе және Шақпақ ауылдық окрутерінде сервистік әкімдіктер іске қосылды.

Алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа қолжетімді ету мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.

Таңдаулы материалдар

Close