Basty bet

Байқауда жүлделі болды

Жамбыл облыстық сотында облыстың сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай соттар арасында бейнеконференцбайланыс арқылы «Рухани жаңғыру – Абайтану» атты байқауы өткізілді.

Жуалы аудандық сотынан аталған байқауға судья Байжан Жамалбекұлы және кеңсе меңгерушісі Арайлым Рахматуллаева қатысып, қазақтың ұлттық киімдерімен шықты. Қатысушылар ұлы ақын Абайдың қара сөздері мен шығармаларын орындап, өздерінің өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау қорытындысында олар лайықты ІІІ орынға ие болды.
Айта кетерлігі, қазақтың ұлы ақыны, әлемдік дәрежедегі ғұлама, ойшыл, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай өткізілген іс-шаралар ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселе болып отыр.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close