Basty bet

Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін!

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Олжас Қаржауовтың бастамасымен Б.Момышұлы ауылында тұратын 21 балаға мерекелік көңіл-күй сыйлап, сыйлықтар табысталды.
«Б.Момышұлы мейірімділік қоры» демеушілік көрсеткен ізгілікті шараға аудан әкімі Олжас Қаржауов, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудан әкімінің орынбасарлары Жарқынбек Шоғалов, Асхат Жабағы, Анар Ахметова және аудан әкімі аппаратының басшысы Серік Қойбақов қатысты.
Мерекенің негізгі кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарлар да аудан басшыларының жанынан табылып, әр баланың үйіне арнайы барып, тілек айтып, балақайлардың тақпақтарын тыңдап, тәтті-дәмдіні үлестіріп берді.
«Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін» дегендей, жаныңа жылулық сыйлайтын мерекелік шарада бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға және басшыларға алғыс айтып, қуанышқа бөленді.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close