Basty bet
Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары мен тәртібін сақтау мәселелері бойынша бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар Әдеп кодексі арқылы жоғарылай бастады.
Мінез-құлықтың жалпы стандарттарына келетін болсақ, мемлекеттік қызметшілердің адал, әділ, қарапайым болуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге шақырды. Одан бөлек, орынды әрі сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге үндеді.
Сонымен қатар, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқықбұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық және тағы да басқа қағидаларын сақтауға тиістілігі айтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс екендігі ескертілді.
Керімхан Төреқұлов,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар
бөлімінің басшысы