Basty bet

Әскерилердің моральдық-психологиялық күйі зерделенді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әлеуметтік психология кафедрасымен келісім-шарт жасасып, 2, 3 курс студенттерінің қатысуымен мерзімді әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық күйін зерделеу жөнінде белсенді жұмыстар атқаруда.
Нәтижесінде Бесағаш, Жасөркен, Шөлдала, Ақсауыт шекара бөлімшелері мен Айша бибі шекаралық бақылау бөлімшесінің жеке құрамына психологиялық көмек көрсетіліп, бөлімшелер басшылығына жеке құрамды тиімді пайдалану туралы кәсіби кеңестер берілді.
Мерзімді әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық күйі тұрақталып, қызметін сапалы атқаруына және жеке қарым-қатынастарында шешімін таппай жүрген сұрақтарына жауаптарын тауып, әскери ұжымның қалыптасуына жағымды әсерін тигізді.
Шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы, 2-дәрежелі капитан Е.Рафиков М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әлеуметтік психология кафедрасының студенттерін грамоталармен марапаттады.

Камила Абсеметова,
Жамбыл ауданы бойынша шекара
басқармасының кітапханашысы

Таңдаулы материалдар

Close