Basty bet

Құрметті аудан тұрғындары!

Жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру мақсатында “AMANAT” партиясы “Halyk Bank”-пен бірге “Қарызсыз қоғам” жобасын іске қосты. Осыған орай 15-19 мамыр аралығында ауданда Б.Момышұлы ауылындағы №1 Балалар өнер мектебінің мәжіліс залында оқу бағдарламасы өтеді.

Аталған оқу бағдарламасы несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдарға, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдарға және несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған.
Жоба аясында қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйренеді және қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренеді. Ал, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын ұсынуды және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады.
Нақты айтқанда тренинг нәтижесінде қатысушы қаржылық сауаттылықтың негізгі түсініктерін. Қарыздар мен несиелердің пайда болу себептерін; отбасы бюджетін қалыптастыру жолдарын, оны жоспарлау мен бөлудің негізгі алгоритмдерін; несие алу ережелері және несиені қайтару процесінде проблемалардың туындау қаупін азайту үшін несие қабілеттілігін анықтау; қаржы пирамидалары мен алаяқтардың тұзағына қалай түспеу керек; жеке тұлғалар мен кәсіпорындар үшін қаржылық жоспарлау; бизнес жобаларды қаржыландыру көздері; жеке тұлғалар үшін БАНКРОТТЫҚ тәртібі туралы біледі.
Қосымша ақпарат алу үшін “AMANAT” партиясының аудандық филиалына 2-11-85 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

Таңдаулы материалдар

Close