Basty bet

Мемлекеттік қызмет сапасы басты назарда

Өткен аптаның басында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті қоғамдастықтың төрағалары және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы А.Сейдуалиева «ZOOM» арқылы және Ақсай ауылдық округінің әкімі М.Мәтен, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ғ.Жақыпбеков, Қошқарата ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Р.Назарбеков, , аудан әкімі аппаратының «ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмысы бөлімшесінің» бас маманы Д.Мейрахат және аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Жарасұлы қатысты.

1. Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Рақымғазы Құниязов ашып, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде «2024 жыл және 2025 жылдың І тоқсаны бойынша Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді қарау» туралы.
Жиында бірінші мәселе бойынша Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ғ.Жақыпбеков баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша Жуалы ауданы Қошқарата және Ақсай ауылдық округтеріне қарасты Қайрат, Диқан елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулысы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды беру туралы.
Хабарламашы Ақсай ауылдық округінің әкімі М.Мәтен.
Үшіншісі әртүрлі мәселелер.
Жоғарыдағыларды ескере келе, төмендегідей шешімдер қабылданды:
1. «2024 жыл және 2025 жылдың І тоқсанында Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелерді» қарау туралы оң қорытынды берілсін.
2. Ақсай ауылдық округіне қарасты Қайрат, Диқан елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы бірлескен аудан әкімінің қаулы және аудандық мәслихатының шешім жобасына оң қорытынды берілсін.
3. Қошқарата ауылдық округі әкімінің у.м.а. Р.Назарбековтың жиналысқа белгісіз себеппен қатыспағаны үшін, аталған мәселе келесі отырысқа қалдырылсын.

Рақымғазы Құниязов,
аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close