Basty bet

Судағы қауіпсіздікті сақтау тәртібі мен ережелерін естен шығармаңыздар!

«Су – сенің досың және дұшпаның» демекші, жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Бірақ жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында, төмендегі ережелерді орындаған жөн;
-суға шомылатын арнайы орынды таңдай біліңіз;
-егер жүзе білмесеңіз, суға беліңізден төмен тереңдікке түспеңіз, сүңгімеңіз, әсіресе таныс емес жерлерде түспеңіз;
-жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге болмайды;
-күнге ұзақ қыздырынғаннан кейін суға бірден түспеңіз, деміңіз бітіп, бұлшық еттеріңіз тартылып қалуы мүмкін;
-суда алысуға, бір-бірін шошытуға болмайды.
Бахтияр Мағыртай,
Жуалы ауданы ТЖБ аға анықтаушысы,
азаматтық қорғау аға лейтенанты.
Нұрболат Анарбек,
М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау
академиясының 3-курс курсанты

Таңдаулы материалдар

Close