Basty bet

Егіндік алқаптарында өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар!

«Жаз басталысымен егіс алқаптарында өрт жиілеп кетті» Өрт қауіпті кезеңде өрттерді болдырмау үшін Жуалы ауданы ТЖБ өртке қарсы іс-шараларды ескертеді:
-ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының және т.б. басшылары өртке қарсы қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындауы қажет;
– егін машиналарын (тракторлар, комбайындар,жүк көліктері) егін алқаптары мен шабындық жерлерге шығар алдында, оларды өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау;
– егін алқаптарының және ормандардың жиегі жыртылуы тиіс (кемінде 4 метр);
– егін жинау кезеңінде орылған шөпті, өсімдік қалдықтарын жағуға және от жағуға тыйым салынады!
Рақымжан Қуанышбай,
М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау
академиясының 3-курс курсанты

Таңдаулы материалдар

Close