Basty bet

Азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша пробация қызметінің бақылауымен ауданның ауылдың, ауылдық округтің әкімдері белгілейтін обьектілерде өтейді. Сондай-ақ, аудан орталығын, ауылдық округтер мен ауылдар аумағын қандай да бір арнайы дайындықты талап етпейтін жинау мен көгалдандыруға көмек көрсету: қоқыс жинау; маусымдық жинау; ағаш-көшеттерді, бұталарды отырғызу жұмыстарына тартылады.
Қоғамдық жұмыстар – бұл адамның қоғам, мемлекет алдында өз еңбегiмен кiнәсiн өтеуге мүмкiндiгi бар жаза, бұл ретте жұмысын, отбасын, үйреншiктi жағдайды, оқуды жоғалтпай қолданылатын жаза түрi.
Қоғамдық жұмыстарды қолдану кезiнде келесi нәтижелерге қол жеткiзуге болады: бiрiншiден, бұл көрнекi нәтиже – көшелер мен аулалардағы тазалық; екiншiден, тәрбиелiк маңызы зор. Құқық бұзушы өзiнiң еңбегiмен қоғамға келтiрiлген залалды түзетiп, оны халықтың алдында жасайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнінде пробация қызметі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекске сәйкес қоғамдық жұмыстарды жазаның басқа түрлерімен ауыстыру туралы сотқа ұсыныс жасайды.
Жыл басынан бастап аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар соттың үкімі бойынша қоғамдық жұмыстарға тартылған-6 азамат жазасын өтеп, қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Ермұхан Иманбердиев,
аудандық
ПҚ инспекторы,
әділет капитаны.

Таңдаулы материалдар

Close