Basty bet

Үстел теннисінен жарыс тартысты өтті

Жуырда жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай үстел теннисінен аудандық жарыс өтті.
Жарысқа ауылдық округтерден келген 16 спортшы қатысты.
Алдымен жарыстың ашылу салтанаты өтіп, онда аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов, аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Жандос Баетов сөз сөйлеп, жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спортшылар төрт топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Әр топта жеңімпаз атанған спортшылар жартылай финалды сарапқа салды.
Жарыс өте қызықты әрі тартысты өтіп, әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі I орынды Қарасаз ауылдық округінен келген Алғабек Тоқболатов жеңіп алса, II орын Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Мұхамед Иргибаевқа бұйырды. Сол секілді жүлделі III орынды Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Арман Ажибаев және Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Оралбек Толықбаев өзара бөлісті.
Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен медальдар табыс етілді.

Болат ЖАҢАБАЕВ,
аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу
орталығының әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close