Basty bet

Жыр мұхитының жүрдек кемесі

Қазақстанның Халық жазушысы, ақын, драматург, Қырғыз Республикасының халық ақыны, Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері Мұхтар Шаханов 80 жаста.
Осыған орай, Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында аудандық пробация бөлімінің бастығы Қуат Сарғалтақов, пробация бөлімінің аға инспекторы, Әділет капитаны Бағлан Бекмолдаев және пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар мен №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жыр мұхитының жүрдек кемесі» атты мәнерлеп оқу сағаты өтті.
Шараның мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың шығармашылығының терең иірімдеріне үңілу, тарихи шындықты, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу, адамгершілік, рухани қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.

Аудандық орталық кітапхана

Таңдаулы материалдар

Close