Basty bet

ЖАС ҰРПАҚТЫ ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕН САҚТАЙЫҚ!

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынып жатады. Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі. Алғашқыда сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды.
Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкеледі.
Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Нашақордың өмірді түбегейлі өзгереді. Жанында тек өзі сияқты нашақорлар ғана қалады.
Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жастарға кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Жастардың бос уақыттарын спортқа, мәдени шараларға тарту маңызды жұмыстың бірі.
Нашақорлықтың алдын-алу мақсатында жастармен 18 іс-шара өткізілді.Атап айтқанда, Б.Момышұлы ауылында «Нашақорлық – ауыр індет, алдын алу міндет», «Жаман әдет- жақсылықты жояды», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Нашақорлық қоғамдық дерт», «Нашақорлықпен қоғам болып күресейік!», «Нашақорлық-ғасыр дерті», «Нашақорлық айықпас дерт», «Жаман әдеттен арыл» және «Жеңісті күшпен еңсер» атты «STREET WORKOUT» спорттық ойындары өткізілді. Аталған шараларға 700-ге жуық жас тартылды. Аудандық ауруханада нашақорлық бойынша есепте тұрған жастар жоқ. Екі-үш жылғы көрсеткіш нәтижесінде ондай жастармен мамандар тығыз жұмыс істей отырып, жаман әдеттерден сақтандыруда.
Қорытындылай келе, жастарды денсаулыққа зиян келтіретін жаман әдеттерден аулақ болуға, өзін-өзі тәрбиелеуге және өз денсаулығын қорғауға шақырамыз. Нашақор жандардан дүниеге дені сау перзент келуі де екіталай, себебі есірткі дүние есігін әлі ашпаған, іште жатқан сәбидің ағазаларын улайды.
Дені сау ұлт қоғамға қай уақытта болсын қажет екенін естен шығармайық!

Назерке МАҚТАБАЕВА,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының»
инспектор-психологы

Таңдаулы материалдар

Close