Basty bet
Қысқы мал азығын дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау
Аудан тұрғындары жаз басталысымен күз айына дейін малдың қыстық жем-шөбін дайындау үшін білек сыбана еңбек етеді. Ең өкініштісі, көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда тілсіз жау – өрт орап бір сәтте күлге айналдыруы әбден мүмкін. Тұрғындардың отпен абайсыз қолдануы және балалардың отпен ойнауы, қыстық азық шөптің жойылуымен қатар, адам өміріне, жиналған шөп жақын тұрған үй-жайлар мен қораға және басқа да құрылыстарға үлкен қауіп әкеледі. Шаруа қожалықтар мен өндірістік кооперативтер басшыларына және жеке азаматтар назарына шөпті жинау және сақтау кезінде немесе шөпті арнайы орынға жеткізу кезінде сенімді техниканы дайындау және ұйымдастыруға көп көңіл бөліңіздер. Бұл шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді. Өрт қауіпсіздік ережесін және негізгі талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Шөпті дайындау және жинау жұмыстарына ауылшаруашылық техникаларын жарамды ұшқын сөндіргішпен және алғашқы өрт сөндіру құралдармен жабдықталған техникамен қамтамасыз ету керек. Шөпті жинау аймағы жанғыш қоқыстан тазартылған, өрт қауіпсіздігіне арналған жер аудару кемінде 4 метр болатын жолағы жасалу қажет. Шөп жинау орындары электр желілерінен 15 метр қашықтықта орналасуы қажет және жолдарға дейінгі қашықтық 20 метрден кем болмауы қажет. Шөпті көлікпен тасу кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы қажет. Өрт астық жинау және шөп жинау науқаны кезінде тракторларға және жүк машиналарына жанар-жағармайды құюда белгіленген ережелерді бұзу кезінде орын алуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керасин және жеңіл тұтанатын, жанатын сұйықтар үлен қауіп төндіреді. Дала шөбін жинау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап өрттен абай болыңыздар.
Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі