Basty bet

Қоғам болып күресуіміз қажет!

Аудан әкімі Жалғас Мұртазаның төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Бірінші мәселеге байланысты аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрбақыт Балтабаев «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының» тиісті тармақтарының орындалуы туралы баяндады.
Аудан әкімі Жалғас Мұртаза өз сөзінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша конкурс аяқталған соң нәтижесі назарда болуын, айына бір рет мекеме басшылары қызметкерлермен сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы жиналыстар өткізу қажет екенін ескертті. Екінші мәселе – жол көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы және орын алған қылмыстың алдын алу шаралары туралы мәселе кейінгі отырыста қаралады.
Үшінші мәселе бойынша ҚР нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов баяндама жасады.
Аудан әкімі бөлім басшысына бірқатар мәселелерді тапсырды. -Спорт нұсқаушылары әр ауылдық округте бар, оларға жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған, жасөспірімдер мен жастарды спортқа қызықтырып түрлі іс-шаралар ұйымдастыру керек. Жастар спорттан бас аламайтын, есірткіге жоламайтындай жағдай жасау қажет. Барлық ауылдық округте спорт алаңшалар бар, биыл төрт ауылда алаңшалар ашу жоспарда бар. Тәрбиелік мәні бар турнирлер өткізіп тұру қажет. Барлығын бюджетке тақап қоймай, кәсіпкерлерді тартып демеушілермен жұмыс жасау қажет,- деді аудан әкімі Жалғас Мұртаза.
Келесі кезекте аталған мәселе бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Батырбек Үсенбаев баяндама жасады.
Аталған мәселе бойынша көрсеткіш өте нашар. Нашақорлықты тоқтату, олармен күрес, теріс қылыққа бармау мақсатындағы тексерісті қажет етеді. Мектепте психологтар жұмыс жасау қажет, қарап отыруға болмайды. Бала мектеп қабырғасында бақылауда болуы қажет, нашақорлық бойынша жұмыс атқарылып жатқан жоқ, жұмыстардың тиімділігін арттыру қажет. Біріншіден ата-ана, екінші мектеп ұстаздары, психологтар, үшінші тиісті мекемелер жауапты, босаңсуға жол жоқ. Баяндамашының баяндамасы назарға алынсын, ауызша ескерту берілсін, келесі отырыста қаралсын,-деді Жалғас Әлижанұлы.
Келесі мәселе аудан елді мекендерінде көлеңкелі экономиканың алдын алу және аудан тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру мақсатында жасалып жатқан шаралар туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ардақ Асқарава, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Шыңғыс Боранбаев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелерге байланысты бірқатар тапсырмалар берілді.

Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close