Basty bet
Бірқатар өзекті мәселелер талқыланды
Аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа кеңес мүшелері және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция полковнигі Әліби Қарабаев, ауылдық учаскелік полиция қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрмахан Тыныбеков, аудандық «Жуалы-Су» мекемесінің басшысы Қуаныш Болысбаев қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы №31-4 Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырылу енгізу туралы аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімхан Төреқұлов баяндама оқыды. Сонымен бірге, аудандық полиция бөлімінің ағымдағы жылдың алты айындағы аудандық Қоғамдық кеңес комиссиясының жасаған қоғамдық бақылау қорытындысын талқылау туралы аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Талғат Қуатбеков хабарлама жасады. Одан бөлек, аудандық қоғамдық кеңестің үстіміздегі жылдың ІІ жартыжылдығына жасалған жұмыс жоспарының орындалу барысы және аудандық қоғамдық кеңестің шешімдерінің орындалуы туралы, кеңес мүшелері Рақымжан Оспанов, Ерлан Тоғайбаев, Сейітхан Жұмашев хабарлама жасады.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Гүлшат Наурызованың бөлім тарапынан ұсынылған жобасы бірауыздан қолдау тауып, аудандық мәслихатқа жобаны бекіту үшін ұсыным берілді.
Жиын барысында жол-көлік оқиғалары, учаскелік полиция пункттерінің мәселелері де қамтылып, арнайы ұсыныстар айтылды.
Өз кезегінде аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары, полковник Әліби Қарабаев жасалған хабарлама бойынша түсініктеме берді.
Үшінші мәселе – аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев құрылған 3 тұрақты комиссиялардың, олардың төрағаларының, 2022 жылдың ІІ жартыжылдығына бекітілген жұмыс жоспарының өз мерзімінде, сапалы, толыққанды қамтамасыз етілуін ескертіп, әрбір аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің жылдың аяғында Заңға сәйкес, есеп беріп, БАҚ құралдарына, интернет ресурстарында жариялануын естеріне сала отырып, 2022 жылғы 14 шілдедегі аудандық қоғамдық кеңес отырысының шешімдерінің орындалуы кешігіп жатқандығын, 18 пәтерлі үшқабатты тұрғын үйдің, 175 үй соғылатын жер учаскелері мәселелерінің зерделеніп, анықталуын талап етті.
Төртінші әртүрлі мәселе бойынша – маңызды болып саналған «Жуалы-су» мен «Жасыл-Жуалы» мекемелерінің қосылуына байланысты аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Т.Қуатбековтың шағым хаты бойынша қабылданған «қайта зерделеу» шешімдерінің орындалмай, тиісті бөлімдерімен жауапты тұлғалардың арнайы хат жазылғанымен, жауап бермей, немқұрайдылық танытқаны, Т.Қуатбековтың қосымша ұсынылған, орын алған кемшіліктерді дәлелдейтін құжаттарына сәйкес, бұл мәселе бойынша құжаттар арнайы органдарға беру ұсынылды.
Қорытындылай келе, айтылған ұсыныс-пікірлердің, аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің қолдауын ескере келе, төмендегідей шешімдер қабылданды:
Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынған «Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы №31-4 Жуалы ауданы бойынша әлеуметтік көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы жобасы мәслихат сессиясында бекіту үшін Ұсыным берілсін;
Аудандық қоғамдық кеңестің «Қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер және қоғамдық үкіметтік емес ұйымдармен байланыс мәселелері» бойынша тұрақты комиссияның қоғамдық бақылау нәтижесі бойынша жасаған мониторинг негізінде;
Аудандық полиция бөлімі ауыр қылмыстардың, соның ішінде, бөтеннің мүлкін жымқыру, иемденіп, талан-таражға салу, алаяқтыққа байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында кешенді іс-шара жүргізілсін, сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолындағы жол-көлік оқиғаларының өсуіне жол берген Жамбыл облыстың ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік-полиция батальоны қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершіліктерін қарау және алдын алу жұмыстарын жандандыру туралы облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасына ұсыныс енгізілсін. Аталған екі мәселе бойынша жұмыстардың нәтижелері 2022 жылдың 9 айы қорытындысымен арнайы Аудандық Қоғамдық кеңес отырысында қаралсын;
б) Аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясы, білім беру, полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметіне кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың, соның ішінде бұзақылықтың өсуіне байланысты, орын алған қылмыстардың себеп-салдарына зерделеу жүргізіп, қорытындысы бойынша кешенді алдын алу шараларын жүргізу ұсынылсын;
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы «Суицид» деректерінің орын алуына байланысты, тиісті әдістемеге сай, Білім мекемелерінің мұғалімдеріне оқушылардың бойындағы суициалды қауіпті анықтау және емхана дәрігерлеріне осы дертті емдеу жұмыстарын жандандыру ұсынылсын;
Одан бөлек, ауданымыздағы орын алған екі суицид дерегі бойынша білім, денсаулық сақту саласындағы, полиция бөліміндегі және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясының жауапты тұлғаларына берілген тәртіптік жазаның бір дана көшірмелерін беруі сұралып, «б» пункті бойынша көрсетілген ұсыныстардың нәтижелері 2022 жылдың 9 айы қорытындысымен кезекті аудандық қоғамдық кеңестің отырысында қаралсын;
Аудандық қоғамдық кеңестің үш тұрақты комиссиялары 2022 жылдың ІІ жартыжылдығына бекітілген жұмыс жоспарын мерзімінде қамтамасыз етуі ұсынылсын;
«Жасыл-Жуалы» және «Жуалы-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қосылуына байланысты жазылған шағым-хат толыққанды зерделенбегеніне және қосымша мәліметтердің ұсынылғанына байланысты тиісті органдарға жіберілсін;
Келіп түскен арыз-шағымдар негізінде 2021-2022 қыстық маусым кезіндегі жолдарды қардан тазалау жұмыстарын орындайтын мердігерлердің жұмысын «Жуалы-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның күшімен жүргізілгені анықталып, зерделеніп, талқылансын;
Аудандық Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамның қоғамдық маңызы бар пікірлерін ескеру бойынша шаралардың қамтамасыз етуде мемлекеттік органдарға жіберілген хаттар, ұсынымдардың Заң талабына сәйкес оларды орындалуының міндеттілігін ескере отырып, уақытында, болмаса себепсіз мүлдем берілмейтін жағдайда жауапкершіліктері Заңға сәйкес, аудан әкімдігінің жанынан құрылған Әдеп кеңесіне қарау ұсынылсын;
Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктермен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы аудандық қоғамдық кеңестің комиссиясы ұсынған анықтамасы бойынша кемшіліктерді жою шаралары қамтамасыз етілсін.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»