Basty bet

Басты мақсат – төтенше жағдайлардың алдын алу

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне: төтенше жағдайлар бөлімдері, жедел құтқару жасақтары, өрт сөндіру бөлімдері, өрт сөндіру бекеттері, апаттық медицина және судан құтқару қызметі секілді құрылымдары кіреді. Соның ішінде Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөліміне тоқталар болсақ, бөлімде бес қызметкер жұмыс атақарады. Төтенше жағдайлар бөлімінің жедел қарамағына №7 Өрт сөндіру бөлімі және №14 Өрт сөндіру бекеті құрылымы кіреді. Ал, оларда барлығы 38 құтқарушы еңбек етуде. Гарнизонының жалпы штаттық адам саны – 43. №7 Өрт сөндіру бөлімінің және Көлтоған ауылының №14 Өрт сөндіру бекетінің жарақтарына үш негізгі және жеті арнайы автокөліктері кіреді.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменттің жұмыс жоспарына және бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Жалпы, жоспарларда қарастырылған барлық міндеттер мен іс-шаралар орындалды.
Ауданның аумағы адам шығындарымен қатар жүретін елеулі материалдық шығындарға алып келуі мүмкін төтенше жағдайларға, табиғи құбылыстар мен техногендік авариялар кешеніне ұшырауға бейім.
Осыған байланысты, аудандық ТЖ комиссиясының екі отырысында бірінші кезекте ірі ауқымды төтенше жағдай туындаған жағдайда халықты қорғауды қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері қаралды. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі шешімдерді уақтылы қабылдау, елеулі материалдық шығындар мен адамдардың қаза болуын болдырмауға мүмкіндік берді. Өткен уақыт ішінде бекітілген жоспар бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар, эвакуациялық, су тасқынына қарсы комиссиялар және ірі ауқымды техногендік және табиғи өрттерді сөндіру жөніндегі аудандық штаб жұмыс істеді.
Ауданның азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің кіші жүйелерінің (АҚМЖ) дайындығын арттыру мақсатында авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары республикалық оқу-жаттығуларға қатысты, олардың барысында құлақтандыру жүйесінің жұмысы, жеке құрамды мүлікпен, жанар-жағар май және жеке қорғану құралдарымен жарақтандырылуы тексерілді. Құралымдар арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ ауданның түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға әзірлігі пысықталды. Төтенше жағдай салдарын жою, соғыс уақыты мәселелері бойынша аудандық командалық-штабтық оқу-жаттығу дайындалды және өткізілді. Аудан аумағының қауіпсіздік паспорты және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қатерлерінің каталогы түзетілді.
Жергілікті атқарушы органдарға білім беру және денсаулық сақтау объектілерін автоматты өрт дабылымен жабдықтау жөнінде ұсыныстар берілді, бұдан басқа, қиратушы жер сілкіністерінен болатын зардаптарды жұмсарту мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту жөніндегі іс-шараларды аудан аумағын дамыту жоспарына енгізу жөнінде ұсыныстар берілді. Бүгінгі күні барлық білім беру және денсаулық сақтау нысандары автоматты өрт дабылымен жабдықталып, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, азаматтық қорғанысты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Азаматтық қорғаныс жоспары, ауданға тән ТЖ жою жоспарлары түзетілді.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес шаруашылық объектілерінде 65 оқу-жаттығу және әртүрлі жаттығулар өткізіліп отырады. Жыл басынан бері ТЖ Департаментінің АҚ басқармасында 12 тыңдаушы оқытылды.
Үстіміздегі жылы аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде әртүрлі ТЖ жағдайларын жою үшін 22 миллион теңге резервке қойылды.
Қысқы кезеңде облыс автожолдары бойынша көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша белгілі бір шаралар қабылданды.
Аудан аумағындағы жолдардың ұзындығы 353,62 шақырымды құрайды, оның ішінде 58 шақырым – республикалық, 159,68 шақырым – облыстық және 135,94 шақырым – жергілікті маңызы бар жолдар.
Әкімдік және жол полициясы өкілдерінің қатысуымен комиссиялық түрде автомобиль жолдарына техникалық тексеру жүргізілді, жол белгілерінің орналасуы, қар тазалау және тайғаққа қарсы іс-шаралар жоспары анықталып, хабардар ету схемасы әзірленді. Жергілікті полиция қызметімен, ауылдық округ әкімдерімен, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және медициналық қызметпен тығыз байланыс орнатылды.
2022 жылдың басынан бастап қысқы кезеңде авариялық-құтқару жұмыстарына 14 шығу жүзеге асырылды. Атап айтқанда, қар құрсауынан және бораннан 127 адам құтқарылды, оның ішінде 16 бала, жылыту пункттеріне 83 адам жеткізіліп, темір жол көліктерімен 47 адам жолданды.
Адамдар жаппай демалатын орындар болып Қызыларық ауылдық округіндегі «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасындағы демалыс орны және Қарабастау ауылындағы бұлақ болып белгіленген.
Аталған шомылу орындары Жамбыл облысы ТЖД-нен су асты сүңгуірлерін шақыртуымен зерделеу жұмыстары «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасындағы демалыс орны ағымдағы жылдың 19 мамырында және Қарабастау ауылындағы бұлағы 31 мамырында жүргізілді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша шомылуға ұсынылмайтындығы туралы акт құрастырылды.
Қызыларық ауылы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасындағы «На речке» демалыс орны жекеменшік балансында, демалыс орнында шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы құтқарушыларымен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.
Суға шомылу маусымының алдында ауыл округтерінің әкімдеріне су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам өлімдері фактілеріне жол бермеу мақсатында, аумақтарында орналасқан су қоймалары, бөгеттер мен каналдарға кезекшілік ұйымдастыруды, жауапты тұлғаларды бекітуді, сондай-ақ алдын алу белгілерін жасап, балық аулайтын жерлерде, өткелдерін қоюды және ауыл тұрғындарымен шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы сұраныс хат жолданған. Сонымен қатар, шомылу маусымында адам өліміне жол бермеу мақсатында адамдар жаппай шомылатын орындарда суда құтқару посттарын құруды және қоғамдық құтқарушыларды дайындау мәселесін қарастыру туралы сұраныс хат жолданды.
Судағы қауіпсіздік тақырыбына әлеуметтік желілерде және аудандық «Жаңа өмір» қоғамдық-саяси газетінде судағы қауіпсіздік бойынша мақалалар жарияланып отырады.
Билікөл ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты «Қарабастау бұлағы» және «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасындағы шомылу орындары туралы ақпарат үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде халыққа жеткізіледі және судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған үшін ҚР ӘҚБК 364, 440, 412 және 582 баптары бойынша әкімшілік шара қолданылатыны туралы айтылды.
Қазіргі таңда ҚР ӘҚБК 440 бабы бойынша 11 айыппұл салынып, 505 бабы бойынша 16 әкімшілік ескерту, 410 бабы бойынша 2 ескерту берілді. Барлығы 50 ден аса патрульдеу және 70 аса рейдтік іс-шаралары жүргізілді.
Тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, апаттық жағдайға жол бермеу, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша да келесі іс-шаралар қабылданды.
Ауданның ТЖ бөлімімен өртке қарсы қауіпсіздік саласында алдын алу жұмыстары жүргізіледі. 2022 жылы 94 объектіде өрт-техникалық тексеру жүргізілді, оның ішінде жоспарлы – 48, жоспардан тыс – 46 объектіде.
Тексеру жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының 688 бұзушылығы анықталды, 69 әкімшілік материал ашылды, жалпы сомасы 865 мың 297 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұлдар 100% өндірілді.
Тұрғын үйлерде болған өрттердің талдауын назарға ала отырып, өндірістік және тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында аудан аумағында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлықтары ұйымдастырылып өткізілді, онда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалы, «Жуалы АЭЖ» ЖШС өкілдерімен және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп халыққа өрт ережелерін түсіндіру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Өрт қауіпсіздігі және басқа да ТЖ алдын алу тақырыптарында 36 891 тұрғынды қамти отырып 12 058 тұрғын үйді аралау жүргізілді, бұдан басқа 1 777 адамды қамти отырып 90 жиын өткізіліп түсіндіру әңгімелері жүргізілді.
2022 жылы өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы 17 рет өрт сөндіруге, 26 рет өрт деп есепке алынбайтын жану оқиғаларына және 22 рет авариялық-құтқару жұмыстарына шықты. Адамдардың өрттен қаза болуына жол берілген жоқ, жарақат алғандар жоқ.
Жүргізілген талдауға сәйкес өрттің негізгі себептері электр сымдарының қысқа тұйықталуы, азаматтардың отпен абайсыз қарым-қатынасы, балалардың отпен ойнауы болды.
Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ағымдағы жылы Жуалы ауданының ТЖ бөлімімен жергілікті баспасөз құралдарында 41, әлеуметтік желілерде 31 мақала дайындалып жарияланды, сонымен қатар радиорубка құралдары арқылы 2460 рет, және теледидарда 2 рет сөз сөйленді.
Аудандағы мектептер арасында өрт-қолданбалы спорты бойынша спорттық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Айта кетейік, Жуалы ауданының «Жас құтқарушы» командасы 2022 жылдың 06 мамырында Тараз қаласында өткен облыстық жарыста үшінші жүлделі орынға ие болды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік-әскери тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Прокуратура, ҚСжАЕКБ, «Аманат» партиясы, ПБ өкілдерімен бірлесіп Жуалы гарнизонының өртке қарсы қызметінің жеке құрамымен бірнеше рет семинар-кеңестер өткізілді, бұл оң нәтиже берді, 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша гарнизонның жеке құрамы арасында бірде-бір заң бұзушылық тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және әкімдіктің өкілдерімен өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша және бизнестің дамуына кедергі келтіру фактілерін анықтау мақсатында 2 «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Аудан бойынша 11 өрт су қоймасы бар. Мезгілдік тексеріс кезінде барлығы 415 өрт гидранты есепке алынды. Оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтін өрт гидранттары 341 дана, жарамсыз өрт гидранты барлығы 74 дана. Жұмыс істемейтін 74 дана өрт гидрантын жұмысқа жарамды күйге келтіру мақсатында тиісті хаттар жолданды.
Өртке қарсы сумен жабдықтаудың қанағаттанарлықсыз жағдайы туралы мәселе ТЖ жөніндегі комиссия отырыстарының күн тәртібіне бірнеше рет қойылды, онда аумақтық органдарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шаралар қабылдау бойынша белгілі бір міндеттер қойылды. Өткізілген отырыстар барысында сумен жабдықтау орындарына аула іші арқылы өту жолдары бойынша проблемалық мәселелер туындаған жоқ.
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ербол ӘМІРОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

Таңдаулы материалдар

Close