Basty bet

Салық заңнамалары түсіндірілді

Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша “Ашық есік күні” өтті.

Жиынға аудандық “Жаңа өмір-Новая жизнь” қоғамдық-саяси газеті редакциясының өкілі, “Аmanat” партиясы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының өкілі және салық төлеушілер қатысты.
Ашық есік күнін аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ердос Өмірзақұлы ашып, жүргізіп отырды. Ол алдымен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті “e-Salyq Azamat” мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар екендігін хабарлап, олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды.
Сонымен бірге, “e-Salyq Buisness” мобильді қосымшасы, Teleqram чат бот @SalyqBot аталатын сандық салық кеңесшісі және онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолдану туралы кең ауқымда түсіндірді. Одан бөлек, тақырыпқа сай арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Шараны қорытындылай келе, жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сауалдарына нақты әрі тиянақты жауаптарын алды.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close