Basty bet
Бүлдіршіндер мұражайға саяхат жасады
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі 30 елдің қатарына қосылу. Біз мақсатымызға жету үшін, санамыз ойымыздан жүйрік болуы және одан бұрын жаңғырып отыруы керек. Әрбір Қазақстан азаматы өзінің туған жерін, елін, ауданын жақсы біліп, туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуі керек.
Осы орайда балабақшаның негізгі міндеті – бүлдіршіндердің патриоттық сезімін оятып, танымдық қабілеттерін арттыру.
Жақында «Мөлдір бұлақ» бөбекжай балабақшасында «Шұғыла» ересектер тобының бүлдіршіндері Ұлттық рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында «Туған өлкеңді қадірлей біл!» тақырыбында аудандағы Батыр Бауыржан Момышұлының мұражайына саяхат жасады.
Балаларды туған өлкесі Қайрат ауылының көрікті жерлерімен таныстыру, оның табиғатына саяхат жасай отырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілген шараны балабақшаның тәрбиешілері Айгүл Құрымбай және Ұлдана Мекембай жүргізді.
Шара барысында бүлдіршіндер туған жері туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтып, бейнетаспадан «Жуалы – жер жәннаты» тақырыбында бейнеролик тамашалады. Әрқайсысы өздерінің тұратын мекен жайларын айтып, таныстырды.
Осылайша шара қызықты әрі әсерлі өтті.
Айгүл ҚҰРЫМБАЙ,
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі