Basty bet

Педагогтарға да жоғары жауапкершілік жүктейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жаңа Жолдауы – халқымыздың болашаққа деген сенімін күшейтіп, елдің жаңаша даму бағытын айқындаған маңызды құжат болды деп санаймын. Президенттің елді цифрландыруға, жасанды интеллектті дамытуға, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге қатысты айтқан пайымды ойлары – уақыт талабы ғана емес, келер ұрпақтың жарқын болашағына жасалған үлкен қадам болғаны анық.
Президенттің Жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және ұстаздардың мәртебесін көтеру мәселелері де ерекше атап өтілді. Бұл – педагогтар қауымы үшін үлкен қолдау әрі мұғалімдерге зор жауапкершілік жүктейді. Мектеп – жас ұрпақтың алғашқы өмір мектебі, сондықтан оның заманауи талаптарға сай болуы аса маңызды.
Бүгінгі жас буын – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар. Сол себепті, ұстаздар қауымы балаларды заманауи терең біліммен қаруландырып қана қоймай, оларды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа және адамгершілікке баулу ісін басты міндетіміз деп білеміз. Жаңа Жолдаудағы жаңашыл бастамалар ел дамуына тың серпін беріп, жаңа мақсаттарға жетелейті анық.
Ұстаз бен шәкірттің еңбегі ел игілігіне қызмет етсе, Тәуелсіз еліміздің болашағы қазіргіден де нұрлы болатынына сенімдімін!
Эльмира АБИШЕВА,
№29 М.Жұмабаев атындағы орта мектептің директоры.
     Аудандық  мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Close