Basty bet

Тараз – тарихы терең тұғырлы қала!

Тараз – көне қалалардың ішіндегі ұлысы. Ғалымдардың бұл қалаға екі мыңжылдық тарихы бар деп баға беруі де тектен тек емес. Қазақтың ұлы тұлғалары, қаншама аңыз адамдар осы қаладан шыққаны белгілі.
Қазіргі кезге дейін Тараз қаласының атауы біреше рет өзгеріске ұшыраған. Мысалы, Талас, Әулие-Ата, Жамбыл, Мирзоян, т.б. Қала тарихының көне болу себебі де осыдан болса керек. Тараз туралы алғашқы мәліметтерді грек тарихшыларынан аламыз. Дегенмен, бұл тұрғыда ғалымдардың арасында кикілжіңдер жиі орын алып отырған. Себебі, өткен күндердің ескі парағын ақтарсаңыз да, көне қала жайлы құнды деректерді ашу тез аяқталар іс емес. Тәуелсіздікке дейін біздің территориямыз сан алуан елдердің, одан әрі рулардың, тайпалардың құрамында болғаны ақиқат. Бүгінгі таңда әлем тарихында Тараз қаласы жайлы жазылған мәліметтер жоқтың қасы. Көне Тараз қаласының ежелгі тарихына біршама шолу жасап өтсек, артық болмас.
Б.з.д 47-ші жылдарда Ғұн мемлекетінің екіге бөлінгенін білеміз. Ол кезде ғұндардың шаньюі Чжи-Чжи етін. Ыдырған мемлекетке көз тігетіндердің қатары да көбейе түсті. Әсіресе қытайлықтар. Екі мемлекеттің арасындағы қарама-қайшылықтар өршімесе, аяқталатын түрі жоқ еді. Сол кезде жаудан қорғану мақсатында Чжи-Чжи Қаңлы билеушісін Талас маңына шақырады. Кейін үлкен қала тұрғызады деген деректер бар. Тараздың Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталықтарының қатарында екенін де естен шығармаған дұрыс. Тарихта 751-ші жылы болған Атлах шайқасы да Тараз маңында өткен делінеді.
Тіпті, Х ғасырда араб географы әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала. Бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпаның алдында үлкен өзен ағады. Өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған»,- деп баға берген.
Тараз тарихи ескерткіштерге бай қала. Бабаджа Хатун, Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелерімен танымал. Мысалы, «Айша бибі» кесенесі ХII-ші ғасырдың сәулет өнерінің озық туындыларының қатарында. Қарахан Айшаға арнап биік кесене салдырады. Өзінің де кесенесі Айша бибінің жанында болған екен. Бұл қос ғашықтың махаббаттарының мәңгі сақталатындығының дәлелі іспеттес.
Тараз тарихының кереметіне таңданбайтын адам баласы жоқ шығар?! Ауа-райы мен ауасының тазалығы, тұрғындарының қанақжайлығы бәрі-бәрі жаныңды жадыратады. Қала жайлы ашылмаған құпиялар қаншама.

Таңдаулы материалдар

Close