Basty bet

Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу

Әлеуметтік сала бағыты бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін зейнетақы төлемдерімен әлеуметтік төлемдер бойынша 15 мемлекеттік қызметтің 11-і проактивті және электронды түрде көрсетілуде, яғни, азаматтар ұялы телефон арқылы хабарламаға жауап бере отырып немесе Электронды үкімет порталы арқылы үйден қызмет ала алады, Олар:
– мемлекеттік базалық зейнетақы төлемді тағайындау;
– мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
– мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
– бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау;
– жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау.
– зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдерін тағайындау (госгарантия);
– марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы тағайындау;
– еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау;
– бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді қамқорлық жасауға тағайындалатын жәрдемақы тағайындау;
– көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы тағайындау;
– жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
– мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
– арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
– қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау.
Жалпы азаматтарымыздың телефон номері «Азаматтардың мобильдік байланыс база» дерегінде тіркелген болса, бүгінгі күнге, ұялы телефон арқылы жаңа босанған аналар проактивті қызмет аясында, бала туылған шақта жіберілген хабарламаға жауап беру арқылы туу туралы куәлігі мен жәрдемақының тағайындалуына өтініш беріп, бөбекті балабақша кезегіне қоя алады.
Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы (Homebank, Kaspi.kz) мемлекеттік қызмет бөлігінде жәрдемақылардың тағайындалуына мемлекеттік қызметтерді алуға тапсырыс жолдай алады.
Сонымен қатар, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемге, бала босануына байланысты біржолғы жәрдемақы мен бала бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне Электронды үкімет порталы арқылы үйден қызмет ала алады.
Бұған дейін, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемге, бала босануына байланысты біржолғы жәрдемақы мен бала бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы төлемдеріне өтініш беру тұрғылықты мекен жай бойынша болса, бүгінгі күні, экстерриториялық құжат қабылдау іске қосылды, яғни аталған жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге өтінішті кез келген еліміздің өңірінен тұрғылықты мекен жайына қарамастан өтініштер қабылдана береді.
Өтінішті, кез келген еліміздің Халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне өткізе алады.
Зейнетақы мен жәрдемақы есептеу жөніндегі кез келген мәселе бойынша консультацияны 1414 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесі мәселелерге қатысты жауап алуға болады:
– зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдеу;
– көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы;
– атаулы әлеуметтік көмек;
– әлеуметтік қызметтер порталы;
– еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн психологиялық кеңес беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Мұрат Сапаев,
әлеуметтік қамтамасыз
ету бойынша
Жуалы аудандық
бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close