Basty bet
Негізгі міндет – Ауданның бюджетін дұрыс жоспарлау
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының оныншы бастамасында Үкімет дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін кешенді шаралар топтамасын тез арада жүзеге асыруға міндетті екенін және ең алдымен, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын.
Ел Президенті «Бұл – біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы. Жақын уақытта мен Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту туралы жарлыққа қол қоямын. Бұл құжат мемлекеттік органдардағы ішкі рәсімдерді түбегейлі қайта қарап, заң шығару және бюджет үдерістерін оңтайландырудың бастауына айналады. Сонымен қатар, саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып, экономика мен мемлекеттік басқару ісіндегі жаңа құрылымдық реформалар топтамасын әзірлеуге жедел кіріскен жөн. Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді байланысы негізінде қалануға тиіс. Бұл біздің елімізді дәйекті түрде ілгері дамытуды және азаматтардың тұрмыс деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді» деген болатын.
Осыған орай, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мемлекетік бағдарламалар аясында атқарып жатқан жұмыстарына тоқтала кетейін.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығының Қағидаларына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысымен 100 еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға 1 500 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.
Жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес аудан мекемелері (тиісті салалар бойынша) мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарына хат жолданып, сұранысқа ие мамандар тізімі 82 адамға қалыптасып, 2021 жылдың 20 желтоқсанында аудан әкімімен бекітілді. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласы бойынша – 2 маман, білім саласы – 50, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 5, мәдениет саласы – 4, спорт саласы – 7, агроөнеркәсіптік кешен саласы – 7 маман және ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері – 7 маман.
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы 2019 жылы ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган, жұмысшы органы болып аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне берілгеннен кейін 2019 жылдың басынан осы бағыттағы жұмыстар басты назарға алынып, бөлім тарапынан, 2010-2018 жылдары аралығында тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие алып, несиелерін уақтылы (кейбір мамандар жылдар бойы) төлемеген борышкерлердің берешектерін сотқа дейін өндіру мақсатында барлық проблемалық борышкерлерге міндеттемелерді орындау туралы талаптар мен хабарламалар жолданған. Нәтижесінде, 70 берешектері бар борышкерлердің 41 борышкері 2019 жылдың 22 қыркүйегіне дейін 6 324,9 мың теңге берешектерін қайтарды.
Бүгінгі күнге берешектердің қалыптасу негізгі себептері мамандардың айлық жалақыларының кеш түсуі және кейбір мамандардың несие төлеуге салғырт қарауына байланысты. Сенімді агенттің есебіне сәйкес берешек қалыптасқан мамандарға қоңырау шалу арқылы берешегін төлетіп, түбіртектері жиналып алынады.
Дегенмен, Сенімді агенттің келесі айғы есебінде көбіне дәл сол мамандарда берешек қалыптасып тұрады. Сонымен қатар, жоғарыда мысалға келтірілгендей сот шешімі шығып, атқару парақтары сот орындаушылардың өндірісінде болғанымен, кейбір мамандардың бала күтімі жөніндегі демалысқа шығулары және алименттерінің болуы айлық жалақысынан ұстап қалуға кедергі келтіруде.
Ауданға «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2022 жылға 9 жобаға 1 369 610,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде құрылысқа 4 жоба 707 753,0 мың теңге, күрделі жөндеуге 3 жоба 589 433 мың теңге, орта жөндеуге 2 жоба 72 424,0 мың теңге. Бүгінгі таңда игерілген қаржы 722 935,0 мың теңге. Атап айтар болсақ, денсаулық сақтау саласы бойынша 2 жоба, оның ішінде, Күреңбел ауылына 25 орындық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын салуға республикалық, облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, құрылыс жұмысына жеңімпаз мердігер «Қаратау құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 155 297,8 мың теңгеге, авторлық қадағалау бойынша мердігер «Elite project company BS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 1 830,8 мың теңгеге, техникалық қадағалау бойынша мердігер «Құрылыс Жоба Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 4767,9 мың теңгеге келісім шарт жасасқан. Бүгінгі күнге жұмыстардың 80 пайызы орындалып, игерілген қаржы 110 028,0 мың теңгені құрап отыр.
Сонымен бірге, Бәйтерек ауылына 25 орындық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын салуға республикалық, облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп құрылыс жұмысына жеңімпаз мердігер «ТаразҚұрылысИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 181 773,4 мың теңгеге, авторлық қадағалау бойынша мердігер «Elite project company BS» ЖШС-мен 2 143,0 мың теңгеге, техникалық қадағалау бойынша мердігер «Құрылыс Жоба Инжиниринг» ЖШС-мен 5579,5 мың теңгеге келісім шарт жасасқан. Бүгінгі күнге жұмыстардың 80 пайызы орындалып, игерілген қаржы 102 968,0 мың теңгені құрап отыр.
Білім беру саласы бойынша, үш жоба, оның ішінде, Бәйтерек ауылындағы №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектептің фасадын күрделі жөндеуге, Қайрат ауылындағы №2 Мыңбұлақ орта мектебін және Көктөбе ауылындағы №30 Көктөбе орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге республикалық, облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып отыр. Бүгінгі күнге жұмыстардың 98 пайызы орындалды.
Мәдениет саласы бойынша, Қайрат ауылына 149 орындық мәдениет үйінің құрылысын салуға республикалық бюджеттен 160 038,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 43 339,0 мың теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп құрылыс жұмысына жеңімпаз мердігер «ЕрК Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 194 878,3 мың теңгеге, авторлық қадағалау бойынша мердігер «Каз центр проект» ЖШС-мен 2182,6 мың теңгеге, техникалық қадағалау бойынша мердігер «ЭКСПЕРТИЗА СЕЙСМОСТОЙКОГО СТРОИТЕЛЬСТВА» ЖШС-мен 6 314,0 мың теңгеге келісім шарт жасалынған. Бүгінгі күнге жұмыстардың 24 пайызы орындалып, игерілген қаржы 48 011,0 мың теңгені құрап отыр.
Спорт саласына қатысты, Бауыржан Момышұлы ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын салуға республикалық бюджеттен 106 007,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 29 978,0 мың теңге, барлығы 135 985,0 мың теңге қарастырылды. Сонымен қатар, жолдарды орта жөндеу бойынша Күреңбел ауылындағы көптен бері жөндеу көремеген Бейбітшілік және Қарабастау көшелерін орта жөндеуге, республикалық, жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп жеңімпаз мердігер анықталуда. Сондай-ақ, Ақбастау ауылындағы Төле би, Қойгелді және Береке тұйығын орта жөндеуге республикалық бюджеттен 35 562,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 3 999,0 мың теңге қарастырылған.
2022 жылы ауданда іске асырылып жатқан жобалардың жалпы саны – 52 жоба. Оның ішінде, құрылыс 27 жоба, күрделі жөндеу 3 жоба, орта жөндеу 15 жоба, ағымдағы жөндеу 1 жоба 5 456,0 мың теңге, ЖСҚ 6 жоба.
Ауданымыз бойынша 2023-2025 жылдарға жалпы 194 жоба, сомасы 46 479,0 миллион теңгеге іске асыруға жоспарланып отыр.
Ауданымыздың өзіндік кірістері 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 1 285,1 миллион теңге орындалып, 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдайымен салыстырғанда 214,7 миллион теңгеге, яғни 20% артығымен орындалып отыр.
2023-2024-2025 жылдарға өзіндік кіріс болжамы, 2022 жылдың кірісінің орындалу болжамы негізінде жоспарланды. Сондай-ақ, аудан аумағында жұмыс атқарып, табыс тауып жатқан заңды тұлғаларды Жуалы ауданының салық төлеуші ретінде тіркеуге жұмыстар жасалуда. Атап айтар болсақ, Билікөл ауылдық округі аумағында орналасқан демалыс орталығының егесі «Елеман» ЖШС, Қызыларық ауылдық округі аумағында Ақсай су станциясын салып жатқан «Казгидрооперейтинг» ЖШС, Көксай каналы жанынан су электр станциясын соғуға 24 гектар жерге рұқсат алған «Аксайский ГЭС Аян и Ко» ЖШС, «Қаралма» тау-шаңғы туристік базасы аумағындағы жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер, Қарасаз ауылдық округі аумағындағы «Бірлік» өндірістік кооперативіне инвестор болған «Ақсанат» ЖШС т.б.
Жоғарыда аталған жұмыстар жасалынған жағдайда, ауданға қосымша табыстар түсіп, ауданның экономикалық жағдайын жақсартуға жұмсалады деп жоспарлануда.
Сумен қамтамасыз ету бойынша 2022 жылдан өтпелі Бәйтерек, Кәріқорған, Тасбастау ауылдарына сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысын салуға 2 жоба 570 453,0 мың теңгеге жоспарлануда.
Қалима МЫҚТЫБЕКОВА,
аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы