Basty bet

Мемлекеттің мүддесі бәрінен биік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаеватың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Білім күніне тұспа-тұс келді.
Ел Президентінің кезекті Жолдауын отбасыммен бірге, бастан-аяқ тыңдап, тұшымды ой түйіп отырдым.
Президенттің сындарлы саясатының арқасында еліміздің экономикалық дамуы қарыштай түсетіні айдан анық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінгі қоғамға ел бірлігі ауадай қажет екендігін және «Қаңтар қасіреті» оқиғасындағы ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз екендігін баса айтты.
Сондай-ақ, олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отырғанын жеткізді. Одан бөлек,
мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдеткенін және Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отырғанын хабарлады. “Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым» деді ел Президенті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуі дұрыс шешім деп ойлаймын.
Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.
Президент мемлекет мүддесі бәрінен де биік қойып отыр. Сондықтан өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайын екендігін айтты.

Керімқұл БЕГАЛИЕВ,
“Злиха” шаруа қожалығының төрағасы.
Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close