Sport

Спортшылар жарысы

Жақында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында және Спорт күніне орай арқан тартыс және кіші футболдан жарыс ұйымдастырды. Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық стадионда өткен жарысқа ауданға қарасты барлық ауылдық округтерден құрама командалар қатысты. Шараның мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру, бұқаралық спортты тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, аудан жастарының уақытын тиімді пайдалану.
Алдымен жарыс арқан тартыс ойынынан басталды. Ұлттық ойын барысында білекті жігіттер өзара бақ сынасты. Тартысты өткен ұлттық спорт түрінің нәтижесінде І орынды Күреңбел ауылдық округінің білекті жігіттері иеленді. Ал, ІІ орын Боралдай ауылдық округінің командасына бұйырды. Арқан тартыстан кейін кіші футбол ойыны өтті. Аталған ойынның қорытындысында І орынды Қарасаз ауылдық округіне қарасты Ақбастау ауылының жастары еншіледі. Ал, ойынның жүлделі екінші орны Боралдай ауылдық округінің командасына бұйырса, жарыстың үздік үштігінен Нұрлыкент ауылдық округінің командасы көрінді.
Жеңімпаз және жүлделі орын иеленген командалар арнайы дипломдармен, медальдармен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айгүл АМАНҚҰЛ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close