Sport

Жарыс алаңдарында – жасөспірімдер

Жуырда аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте қыздар арасында баскетболдан жарыс өтті.
Жарысқа 8 команда қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққандары алдыңғы шептен көрінді. Ойынға №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ораз Әбдіхалықов және Мыңбұлақ ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Ержан Қошаев төрелік етті.
Қорытындылай келе, бірінші орынды №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің командасы қанжығаларына байласа, екінші орын Күреңбел орта мектебіне бұйырды. Ал, тұғырдың үшінші сатысына №12 М.Әуезов атындағы орта мектептің командасы тұрақтады.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен қоса медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
* * *
Жақында кикбокстан №12 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті.
Жарыстың шымылдығын №12 БЖСМ директоры Д.Абилов ашты.
Ойынға №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ, №16 С.Сейфуллин атындағы ОМ, №29 ОМ және №1 МГ оқушылары қатысты.
Сайыс нәтижесінде I орынды Арман Әбдіәлі және Д.Мәмеш иеленсе, II орынды Н.Серғали, С.Жанабек өзара бөлісті. Ал, III орынды Б.Баймаш, Ж.Қуанышбаев, Н.Әміре өз қоржындарына салды.
Осы сайыста бірінші орын алған оқушылар Қазақстан чемпионатында Қостанай қаласында Жуалының намысын қорғайтын болады.
* * *
Дәл осындай сарында дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Спорт – терроризмге қарсы!» атты дәстүрлі ашық турнир өтті.
Жарысқа №29 ОМ, №1МГ, №10 Күреңбел ОМ, №2 Мыңбұлақ ОМ, №31 Б.Майлин атындағы ОМ, №12 М.Әуезов атындағы ОМ, №19 Қонаев атындағы МГ оқушылары арасында өткізілді. Сайысқа 150 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында I орынды А.Рысбек, Б.Баймолда, Б.Баймолда, Н.Тұңғышбай, А.Сейіткерім иеленді. Ал, II орынды О.Тұңғышбай, С.Сағынтай өзара бөлісті.
Ал, қыздар арасынан I орын А.Зерекбай, Ж.Пернебек, Ғ.Қуанышбек, Р.Данайбек, Қ.Сатыбек, А.Айтбай, С.Данайбек алды. II орын А.Сырым, А.Зерекбай, Л.Сұлтаналы иеленді. Ал, III орын А.Бақадүрге бұйырды.
* * *
Жақында мектептер арасында аудандық ашық біріншілік өтті. Жарысқа он үш команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде I орынды №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның командасы алса, II орын №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектептің командасына бұйырды. Ал, III орынды №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектеп иеленді.
Сондай-ақ «Үздік шабуылдаушы» номинациясы №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Малика Канайбаеваға берілсе, «Үздік қорғаушы» номинациясына №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектептен Инабат Әсетті лайық деп тапты. «Үздік ойыншыны» Гүлназ Жолдыбаева алса, ал «Үздік ойын үйлестіруші» болып С.Бәйтіков атындағы орта мектептен Жұлдыз Мырзан атанды.

Бердіғұл Айтпеков,
№12 БЖСМ әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close